• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Өзбекәлі Жәнібековтің туған күніне орай «Тарихи мұра жанашыры» атты көрме өтті

28.08.2019
0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің 88 жылдығына орай өмірі мен шығармашылығына арналған  «Тарихи мұра жанашыры» атты көрме өтті, деп хабарлайды «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі.

Қазақ мәдениетінің қара нарына баланған, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи мәдени қорық-музейінің негізін қалаушы, қасиетті тайқазанның тарихи орнына оралуына сүбелі үлес қосқан ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің туған күнінде оныншы рет өткен көрмеге «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының орынбасары — М.Тастанбеков, Ө.Жәнібековтың шәкірті, әрі қызметтесі — Қанат Тұяқбаев, Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің төраға орынбасары — Пернетай Досыбеков, Ө.Жәнібековтің қарындасы — Айғаным Серім және Торғайдағы қызметтесі — Ыдырыс Жұмабеков, музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

-«Өзекең өзіндік ізі бар, өзіндік жігері бар, құрыштан сомданып құйылған батыр, ғалым, қайраткер, өнерпаз азамат ретінде қазақ тарихында есімі қатталды» деп академик Манаш Қозыбаев жазса, «Ұлттық мемлекетіміздің қайтадан қалпына келтіріліп, тәуелсіз даму жолына түсуіне де Өзағаңның сіңірген еңбегі ерекше» деп,  жазушы Әбіш Кекілбаев та тебіренген. Отырардай қасиетті өңірде дүниеге келіп, әл-Фарабидей бабасын рухани ұстаз тұтып, ата-баба мұрасымен сусындаған Өзбекәлі Жәнібеков өсе келе қазақтану ғылымының қара нарына, ұлт мақтанышына айналды. Ол қазақ халқының мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына орасан зор үлес қосты. ХХ ғасырдың 70 жылдарының өзінде-ақ, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды.

Бүгінгі ашылған көрменің негізгі мақсаты — Өзбекәлі Жәнібековтің азаматтық, қайраткерлік қасиеттерін, ұлтжандылығын, даналығын, көрегендігін, рухани мәдени мұрамызға деген жанашырлығын жас-жеткіншектерге насихаттау», — деді «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары М.Тастанбеков.

Жиынға қатысушы қонақтар да ұлты ұлықтаған Өзбекәлі Жәнібеков жайлы естеліктерімен бөлісті.

Көрмеге ұлттық өнер мен мәдениеттің жанашыры атанған ғалым – этнографтың 60-тан аса жәдігерлері қойылды. Олардың қатарында  Өзбекәлі Жәнібековтің балалық шағы мен қызметтік жылдарындағы фотосуреттері, Қазақстандағы музейлерді ұйымдастырудағы шеберлігі, өзінің тұтынған заттары – фотоапараты, қол сөмкесі, қаламы, шапаны, бас киімі, қаламынан туған «Отырар», «Қазақ киімі», «Жолайрықта», «Тағдыр тағылымы», «Эхо» сынды кітаптары мен мақалалары, Торғайда қызмет атқарып жүргенде берілген естелік заттары, жұмыс бөлмесінде пайдаланған мәрмәрдан жасалған қаламсабы  бар. Сонымен қатар, Өзбекәлі Жәнібековтің жеке кітапханасындағы шетел әдебиеттері мен отандық жазушылардың кітаптары да көрмеге келушілерге таныстырылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ОТБАСЫ БАНК» — БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ СЕНІМДІ ЖОЛЫ

«ОТБАСЫ БАНК» — БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ СЕНІМДІ ЖОЛЫ

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Қазақстанда тұрғын үй мәселесі – әр отбасы үшін ең өзекті тақырыптардың бірі. Мемлекет бұл бағытта түрлі бағдарламалар қабылдап, азаматтардың баспаналы...

ЕРЕКШЕ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

ОҚУШЫЛАР ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
15.10.2025
0

Шымкент қаласында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында полиция департаментінің қызметкерлері оқушылармен ашық кездесу өткізді. Қаладағы №25, №65 және №148 мектептерде...

ЕРЕКШЕ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

ЕРЕКШЕ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

Айғақ медиа
15.10.2025
0

Шымкентте «Заң мен Тәртіп» атты ерекше фотокөрме өтті. «Shymkent Plaza» ойын-сауық орталығында өткен көрмеде полицейлердің күнделікті қызметі мен батылдықты, кәсібилікті...

ҚАУІПСІЗ ҚАЛА – ТЫНЫШ ӨМІР НЕГІЗІ

ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШ – АБЫРОЙ МЕН АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

Айғақ медиа
15.10.2025
0

Шымкент қаласында 35748 әскери бөлімінде мерзімді қызметін аяқтаған 140 сарбазды запасқа шығарып салу салтанаты өтті. Бұл – ел қорғаны болған...

ҚАУІПСІЗ ҚАЛА – ТЫНЫШ ӨМІР НЕГІЗІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

Айғақ медиа
15.10.2025
0

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы және 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру...

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ СЫНАҚТА

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ СЫНАҚТА

Айғақ медиа
15.10.2025
0

Түнгі тыныштықты тексерген дабыл дауысы. Қаланың қақ ортасындағы «Ақбар» базары аумағында өрт сөндірушілердің қатысуымен кешенді өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бұл іс-шараның...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.