• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Тамыз 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының атына Астана күніне және туған күніне орай келіп түскен хаттар мен жеделхаттар

22.07.2019
0

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен, дипломатиялық корпус және зиялы қауым өкілдерінен, діни бірлестіктердің көшбасшыларынан, мемлекеттік органдар мен коммерциялық кәсіпорындардың басшыларынан, сондай-ақ, көптеген қазақстандықтар мен шетел азаматтарынан кең ауқымды хаттар келіп түсті.

Шетел мемлекеттері мен үкіметтерінің жеделхаттарында Елбасының одақтастық және стратегиялық серіктестік қатынастарды дамыту ісіне сіңірген еңбегі, сондай-ақ бүкіл құрлықта тату көршілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі ерекше атап көрсетіледі. Мұндай жеделхаттар Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннен, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтен, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтен, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукошенкодан, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтен, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтен, Армения Республикасының Президенті Армен Саркисяннан, Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтен, Молдова Республикасының Президенті Игорь Додоннан, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннан, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Дмитрий Медведевтен, Армения Премьер-Министрі Никол Пашиняннан келді. Шетел мемлекеттері және үкіметтері басшылары Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, оның Елорданы және бүкіл Қазақстанды қарқынды дамыту ісіндегі баға жетпес рөліне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы қызметіне мемлекетаралық және шетелдік ұйымдар мен құрылымдардың басшыларынан Астана күніне және туған күніне орай келген құттықтау хаттарда да жоғары баға берілген. Солардың қатарында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т.Саркисян, ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы С.Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бас хатшысының міндетін атқарушы В.Семериков, Мемлекетаралық авиациялық комитет төрағасы Т.Анодина бар.  

Ресей Федерациясының, алыс-жақын шет елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлерінен де ізгі тілекке толы көптеген құттықтау хат келіп түсті. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қазақстан мемлекеттілігін қалыптастыру және дамыту ісіндегі тарихи рөлін өз хаттарында Татарстан Республикасының Президенті Р.Минниханов, Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы В.Матвиенко, Ресей Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты В.Ресин, Саратов облысының губернаторы В.Радаев, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Бусыгин, Башқұртстан Республикасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Р.Хабиров, Орынбор облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы Д.Паслер, Татарстанның Тұңғыш Президенті М.Шаймиев, Хорватияның бұрынғы Президенті С.Месич, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың бұрынғы бас хатшысы Т.Мансұров, Украинаның бұрынғы Президенті Л.Кучма, Каменское қаласының басшысы А.Белоусов, Гагаузия автономды аумақтық құрылымның басшысы И.Влах, Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков, «МИР» мемлекетаралық телерадио компаниясының басшысы Р.Батыршин, «ТАСС» ақпарат агенттігінің бас директоры С.Михайлов, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі А.Цой атап өтті.   

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақстандық және шетелдік іскер топтар өкілдерінен жолданған құттықтау хаттарда айтулы экономикалық жетістіктер ғана емес, сонымен бірге оң өзгерістер жолында Қазақстан халқын жұмылдырып, қоғамдық келісімге негізделе жүргізілген тиімді саясат туралы айтылған. Елбасының туған күніне және Астана күніне байланысты өз құттықтауларын «ERG» компаниясының құрылтайшылары А.Машкевич, П.Шодиев және А.Ибрагимов, «Kegoc» АҚ басқармасының төрағасы Б.Қажиев, «KazzincHoldings» ЖШС-і директорлар кеңесінің төрағасы Н.Попович, «MabetexGroup» компаниясының президенті А.Паколли, «ArcelorMittal» АҚ бас директоры П.Калон, «AccessIndustriesCIS» компаниясының басшылары Л.Блаватник, С.Карпухович, «АРЕТИ» халықаралық компаниялар тобының президенті И.Макаров, «Газпром» ЖАҚ басқармасының төрағасы А.Миллер, «Газпром нефть» ЖАҚ басқармасының төрағасы А.Дюков, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры А.Лихачев, «Сбербанк» ЖАҚ басқармасының төрағасы Г.Греф, «Банк ВТБ» ЖАҚ басқармасының төрағасы А.Костин, «Роснефть» компаниясының бұрынғы басшысы С.Вайншток, «Роснано» АҚ басшысы А.Чубайс жолдады.

«Эни» компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци өзінің құттықтау хатында: «Бұл – Қазақстан Республикасы үшін ерекше күн. Сіз өзіңіздің бүкіл кәсіби өміріңізді өз еліңізге қызмет етуге арнадыңыз. Сіздің көшбасшылығыңыздың және көрегендігіңіздің арқасында Қазақстан экономикалық өсімнің жаңа жолдарын табу және халықаралық тұрғыдан танылу ісінде зор жетістікке жетті», – деп жазған.

Елбасының атына жолданған көптеген құттықтаулар еліміздегі орталық мемлекеттік органдардың басшыларынан, облыстардың әкімдерінен, депутаттық және дипломатиялық корпус өкілдерінен, ұлттық компаниялар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларынан келіп түсті.

«Халық қаһарманы», армия генералы, «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы М.Алтынбаев өзінің құттықтау жеделхатында Елбасының Қазақстанды және халқымызды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дәйекті дамыту ісіне сіңірген еңбегін ерекше атап өткен.   

Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне және Астана күніне орай Бас мүфти Серікбай қажы Ораздан, Қазақстандағы Православ шіркеуінің басшысы әрі Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдан, Орал және Ақтөбе Архиепископы Антонийден құттықтау хаттар келді.

«Сізді Қазақстанда және бүкіл әлемде өмірін Отанына қызмет етуге арнаған дана саясаткер және аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде біледі. Республиканың саяси, экономикалық және мәдени әлеуетінің артуы – Сіздің ерен еңбегіңіздің жемісі. Сіз көп жыл бойы абыроймен адал қызмет еттіңіз.

Сіз Қазақстан халқының шынайы сүйіспеншілігі мен сеніміне ие болдыңыз. Халық Сізді толық қолдайды әрі Сіздің бейбіт өмір мен тұрақтылықты нығайтуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және қоғам өміріндегі дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды орнықтыруға бағытталған саясатыңызды жалғастырады», – делінген митрополиттің жеделхатында.

Қуатты Қазақстан қол жеткізген жетістіктердің Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты екендігі білім және ғылым саласының қайраткерлерінен және мекемелерінен келген хаттарда айтылған. Солардың ішінде академиктер С.Қирабаев пен Ә.Бейсенова, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры А.Мұсақожаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т.Балықбаев, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры М.Ибатов, Қазақстан-Американдық еркін университетінің президенті Е.Мамбетказиев, Ресей жаратылыстану академиясының профессоры М.Өтеубаев бар.

Еліміздің және шетелдің азаматтарынан да ізгі тілекке толы көптеген құттықтау хаттар келді. Атап айтқанда, жылы лебіздерін Хасанғалиевтер отбасы, Батыс Қазақстан облысының еңбек ардагерлері және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері Ж.Ақбай, А.Бақтыгереева, Н.Есқалиев, С.Качало, А.Есенғалиев, Д.Саратов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары Рогалевтер отбасы, С.Есімбай, Алматы қаласының тұрғындары Т.Әбдікенов, С.Үсенов, Шымкент қаласының тұрғыны Б.Бектуреев, Талдықорған қаласының тұрғындары В.Буков, С.Большакова, Өскемен қаласының тұрғыны О.Видова, Минск қаласының тұрғыны В.Ивановский, Қазақстанның менеджмент, экономика және болжамдау институтының студенті А.Айтқожина жеткізген.

Нұрсұлтан Назарбаев өз атына келіп түскен хаттармен танысып шығып, барлық авторларға жылы лебіздері мен құттықтаулары үшін ризашылығын білдіреді.

elbasy.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.