• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қазан 27, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қандысай. Айтылмаған ақиқаттың беті қалай ашылды

01.06.2019
0
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Алматының маңындағы Боралдай елді мекенінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне Қандысай белгітасы қойылған. Тengrinews.kz тілшісі тарихшы мамандардан бұл жердің тарихы жайлы сұрап-білді.
Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлының айтуынша, 1938 жылдың 25 ақпанында Алматыда 39 адам атылып, денелері Боралдайдағы сайлардың біріне тасталған. Олардың ішінде ҚазЦИК-тің төрағасы болған Ұзақбай Құлымбетов, профессор Құдайберген Жұбанов, мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтер бар.
Олар еліміздің саяси-әлеуметтік өміріне белсенді атсалысып, халқы үшін аянбай еңбек еткен. Алайда ақтаңдақ жылдары «халық жауы» деген жаламен атылған болатын. Құдайберген Жұбанов қазақ тілін дамыту үшін түрлі еңбектер жазған. 1935 жылы Қазақстан КСР ОАК-нің мүшесі, Қазақстанның мәдениет қызметкерлері съезін ұйымдастыру комитетінің төрағасы болған. Ал Жүргенов Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары болып, өзінің ұлттық мәдениет пен өнер саласын дамытуға тырысқан. «Халық жауы» атанбас бұрын КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылған болатын.
Ал Ұзақбай Құлымбетов ҚазЦИК-тің төрағасы болып тұрғанда елге елеулі еңбек сіңірген. Түрксіб теміржол құрылысының салынуына, екі жылдық мұғалімдер институтының алты облыста ашылуына тікелей араласқан. Астананы Қызылордадан Алматыға ауыстыру жөніндегі комиссияның төрағасы болған. Ол Голощекиннің ауылды басқару әдістеріне де қарсы шығып, КарЛАГ, АЛЖИР сияқты лагерьлердің Қазақстан жерінде болуына да қарсылығын білдірген. Бүгінде тарихи тұлғаны насихаттау жұмыстары жүріп жатыр. Мысалы, биыл мамырда Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің қаулысымен Ақтөбедегі №62 орта мектебіне Ұзақбай Құлымбетовтің есімі берілген болатын.
Репрессия құрбандарының мүрдесі табылып, сол жерге белгітас қойылуына кезінде олардың денесін сайға тасыған шопырдың сөзі ықпал болған.
«Сол кезде атылғандардың денесін алып барған шопыр өлер алдында өзінің ұлына тапсырады. «Сол уақытта атылған адамдарды менің көлігіммен Боралдайдың түбіндегі бір сайға көмді» деп айтады. Кейін сол жерден саяжай сатып алғандар жер қазып жүргенде адам бассүйектері шыға бастайды. Сөйтіп, 1989 жылы репрессия құрбандарын ақтай бастады, сол кезде жаңағы шопырдың баласы келіп қауымдастығымыздың төрағасы Бекболат Мұстафинге айтады. Осылайша, сол жерді тауып, белгітас қойылды», — дейді Жұмабек Ашуұлы. Қауымдастық төрағасы енді Қандысайда ескерткіш қою мәселесін көтеруге ниет білдіріп отыр.

Тарихшы Бекарыстан Мырзабай Қандысайдың тарихы жайлы басқа нұсқаны келтіреді.

«1938 жылы 21 наурызда түнгі уақытта Алматыда 19 адам атылған. Бұл ақпарат келесі күні «Социалды Алматы» газетіне шыққан. Ол кезде Алматы облыстық партия комитеті мен қалалық комитетін Шақпақ Артықбаев деген кісі басқарған. Кейін репрессия құрбаны болып, 18 жылға түрмеге қамалған. Артықбаев таңертең шығатын газетке 21 наурызда кешке қол қойған. Сол газетте «Ұзақбай Құлымбетов бастаған национал-фашистерге халықтың әділ үкімі — ату жазасы орындалды» деп жазылған. 19 адамның тізімі де берілген. Ішінде Құлымбетовтен бөлек, Темірбек Жүргенов, Нығмет Сырғабеков, Жанайдар Сәдуақасов және тағы басқалары болған», — дейді тарихшы.
Сөйтіп, 21 наурызда түнде Шақпақ Артықбаевтың шопыры Айтжанды НКВД адамдары алып кеткен. Содан 19 адамды жертөледе атып, қапшыққа салып, кейін Айтжанның өзіне бұл кісілердің адам екенін білдіртпей, «жан-жаңғыңа қарама» деп, көлігіне салып жіберген. Шопыр қапшықтағы адамдарды Боралдайдағы Қандысайға апарып, түсіріп кеткен. Келесі күні Айтжан жұмыста жоқ. Әрі-бері іздейді. Үйінде де, жұмыста да таба алмайды. Сөйтіп, 25 наурызда бір келеді. Түрі бозарып кеткен. Артықбаев сұраса, шопыр арызын беріп, жұмыстан шығамын депті. Не болғанын айта алмаймын дейді. «Жөніңді айтпасаң, шығармаймын» деп Артықбаев та сонда қоймаған. Сол кезде шопыр өзінің түнімен қапшықта адам тасығанын біліп қойғанын жайып салады. Сол кезде Шақпақ Артықбаев шопырынан адамды лақтырып тастаған жерін көрсет деп сұрайды. Сөйтіп, екеуі өтірік іссапар толтырып, кешке қарай кетіп қалады. Қандысайға барған соң Артықбаев қолына тас алып, белгі ретінде сол жерге қойып кетеді. Айтжан сол бетімен Қытайға кетіп қалады. Бірнеше күннен соң Шақпақ Артықбаев та халық жауы болып сотталып кетеді», — деп әңгімеледі Бекарыстан Мырзабай.
Оның айтуынша, 18 жыл түрмеде отырған соң, 60-жылдардың ортасында Сүлеймен Есқараевтың (ол да 21 наурызда түнде атылған) баласы Марат Есқараевпен кездесіп, бұл сұмдықты баяндап берген. «Марат, әкеңнің жатқан жерін» білемін деп айтады. Сол кезде Қызылордадан топырақ алдырып, Марат Есқараев барады. Онымен бірге Дәмеш Ермекова, Шолпан Байтұрсынова, Бейбіт Қойшыбаев секілді бір топ адам еріп барады. Бұл 1989 жылы болатын. Кейін Құлымбетовтің жатқан жеріне топырақ саламыз деп Ырғыздан топырақ алынды. Қандысай белгітасы солай қойылған», — дейді тарихшы.

Tengrinews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚЫЗ БОЙЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

ҚЫЗ БОЙЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Айғақ медиа
27.10.2026
0

Тәрбиелі қыз – өнегелі ұрпақтың, тұтас ұлттың жарқын болашағы. Осы бағытта Шымкентте ұлттық құндылықтар мен ана өнегесін дәріптеген «Қыз тәрбиесі...

КӨКСАЙДАҒЫ ЖЕТІ ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ КӨШТІ

КӨКСАЙДАҒЫ ЖЕТІ ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ КӨШТІ

Айғақ медиа
26.10.2026
0

Шымкентте Көксай шағынауданындағы тозығы жеткен үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға көшті. Республика күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесіндегі №22 үйде тұрған жеті отбасы...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.