Астана. 14 қыркүйек. ҚазТАГ — Баубек Қоңыров. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстандағы қылмыстың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жоқтығын мойындады.
«Құқық қорғау жүйесінің барлық күш-жігері, ең алдымен, қылмысқа қарсы күрестің басты бағыты болып табылатын қылмыстың алдын алуды белсендендіруге бағытталған.
Өкінішке орай, бізде құқық қорғау органдары ғана емес, басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғамның басқа да институттары қатысатын елдегі қылмыстың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін құруға әлі де қол жеткізе алмадық», — деді Қ. Қасымов жұма күні орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Оның айтуынша, өңірлердегі қылмыстың алдын-алу жағдайы негізінен жергілікті полицияның қызметіне, бірінші кезекте полиция учаскелік инспекторларына, кәмелетке толмағандар мен жол полициясының патрульдеріне байланысты, бірақ олардың жұмысында кемшіліктер бар.
Сурет: ашық дерек көздерінен