Сарыағаш АІІБ-нің кезекші бөліміне Сарыағаш ауданы Ақниет аулындағы базарлардың бірінің маңында орналасқан букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобынының анықтағаны, ағымдағы жылдың 6 шілдесі күні түнгі уақытта, беттеріне бетперде киген белгісіз тұлғалар анықталмаған қарумен букмекерлік кеңсеге баса-көктеп кіріп, кеңсенің 22-жастағы қызметкерін және кеңсеге келуші азаматты қарумен және физикалық күш қолданып қорқытқан. Содан соң, кассадағы 90 мың теңге ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
Аталған жайт Сарыағаш АІІБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сарыағаш АІІБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, 1995,1998 және 1999 жылдары туылған Сарыағаш ауданының тұрғындарын күдікті ретінде құрықталды. Олар өз қылмыстарын толық мойындап отыр.
Айғақ зат ретінде тәртіп сақшылары аңшылық шолақ мылтықты тәркілеп алды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша, 192-бап «Қарақшылық» және 287-бап «Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын заңсыз өткізу, сақтау, тасмалдау немесе қолдану». Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
БЮДЖЕТТІҢ 40% БІЛІМ САЛАСЫНА БӨЛІНГЕН
Қаланың қазіргі бюджеті 722 млрд теңге. Өткен жылғы шығыстың басым бөлігі, дәлірек 40 пайызы білім саласына бөлінген. Нәтижесінде шаһарда үш...