• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

САПАЛЫ АУЫЗ СУ ТАРАТУДА «СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГІНІҢ» МАҢЫЗЫ ЗОР

26.04.2024
0

Қалада су құбыры жүйелері 60 пайызға, кәріз желілерінің тозығы 74 пайызға жеткен. Олардың деңгейін төмендетіп, әлеуметтік нысандарды жаңғырту бойынша Су ресурстары-Маркетингі кезеңдік жұмыстарды атқаруда. Мекеме 26 жылдан астам уақыттан бері қызмет көрсету нарығында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында толымды жұмыс істеп келе жатыр. 1 млн-нан астам халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін күніне 1 рет 46 критерий бойынша тазартудан өткізеді. «Су ресурстары-Маркетингі» ЖШС-сі тарату желілері арқылы су беру және ағынды суларды бұру қызметтері бойынша 2023 жылдың есебін берді.

 Шымкенттің және өңірдегі бірнеше елдімекеннің халқына тіршілік нәрін жеткізуші Су ресурстары-Маркетингі 2009 жылдан бері сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне инвестиция тарту үшін Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтасып келеді. Кәміпорынға тартылған инвестиция өндірісті өркендетуге жол ашты. Нәтижесінде табиғаттан алған судың сапасын жақсартып, халыққа беруде заманауи технологияны енгізіп отыр. Тіпті, Орта Азияда баламасы жоқ өндіріс қондырғылары іске қосылған. Саладағы атқарылған жұмыстар бойынша мекеменің бас директоры Анарбек Орман баяндама жасады.

Тозығы жеткен құбырлар – үлкен қауіп әкеледі. Мәселен, 2023 жылы диаметрі мың мм канализация 15 жерден опырылып, салдарынан 80 жеке тұрғын үйді су басқан. Кәсіпорынның негізгі міндеті – тұтынушыларды тәулік бойы таза сумен қамтамасыз ету. Оның сапасы да күнделікті бақылауда. 16 түрлі өндіруден және зарарсыздандырудан кейінгі су санитарлық-экологиялық талаптарға толықтай сәйкес келеді. Ағынды су тазарту қондырғылар кешенін жаңғырту нәтижесінде биогаз қондырғысы орнатылды.

Сумен жабдықтау құны бойынша Шымкент қаласы республикада көш бастап тұр.  Яғни, 1 текше метрге 48 тг. Бұл өз кезегінде өзге өңірлермен салыстырғанда өте арзан болып тұр. Сондай-ақ, кәріз жүйесі бойынша да ең төменгі бағаны үшінші мегаполис ұстап тұр.

Кәсіпорын тапқан табысының 42 пайызын ескірген құбырларға жұмсайды екен. Сондай-ақ, тұтынушылармен байланысты цифрландыру бойынша онлайн платформадағы біршама тетік іске қосылған. Ендігі, су есептеуіш құрылғыларды цифрлық желіге қосуды жоспарлап отыр.

Су ресурстары-Маркетингінің есепті кездесуіне табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, үй, көше комитеттерінің төрағалары, қоғам белсенділері мен өңірлік комиссия мүшелері қатысты.

Жиын соңында 2024-2026 жылдарға ұзақ мерзімді кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды. Мекеме басшысы Анарбек Оңғарұлы жиынға келіп, саладағы мәселерді ортаға салып, істің алға қарай жылжуына үлес қосып жүргендерге алғыс білдірді. Әрбір үйде ауыз судың үздіксіз келіп тұруы үшін мекеме мамандары табанды еңбек ете беретінін айтып, жиынды қорытындылады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

Айғақ медиа
03.10.2026
0

Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.