• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 24, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЖЕТЕКШІ ГОНКОНГ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ӨКІЛДІГІ SATBAYEV UNIVERSITY-ДЕ АШЫЛАДЫ

26.04.2024
0

2024 жылы Сәтбаев Университетінің екі жүзге жуық студенттері мен оқытушылары әлемнің жетекші университеттерінде білім алып, жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, олар атап айтқанда: Пенсильвания мемлекеттік университетінде, АҚШ, Сонгюнгван университетінде, Оңтүстік Корея, Глазго университетінде, Ұлыбритания, сондай-ақ ТМД елдері мен таяу шетелдердің жетекші университеттерінде. Сонымен қатар Гонконгта CityU университетімен стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылғаны ұлттық техникалық зерттеу университетіне бакалаврлар мен докторанттарды даярлауға, кадрлармен өзара алмасуға және әлемдегі ең үздік университеттердің бірімен зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Гонконгтің CityU университеті әлемдік университеттердің QS рейтингі бойынша 70-орын алады, ол Қазақстанда биыл өз өкілдігін ашуды көздеп отырған алғашқы Гонконг университеті болмақ.

«CityU және Сәтбаев Университеті өскелең ұрпақты өз елдері мен бүкіл әлем қоғамын дамытуға даярлауда, сондықтан да біз Қазақстандағы ең көне техникалық университетпен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайтынымызға мақтанамыз», – деді CityU Басқармасының Төрағасы Лестер Хуан мырза.

Сондай-ақ Лестер Хуан мырза бірнеше ай бойы жемісті келіссөз жүргізіп, қос дипломдық білім беру бағдарламаларын іске қосуға дайындықтан кейін екі университет те оны жүзеге асыруға дайын екендерін атап өтті.

Екі университеттің ректорлары мен проректорлары, кафедралар мен зертханалар жетекшілерінің қатысуымен CityU-де өткен жұмыс кездесулері барысында жұмысшы топтары жасанды интеллект, материалтану, ғылыми жобаларды құру және оларды жүзеге асыру бойынша бірлескен оқу үдерісін ұйымдастыру жөніндегі алдағы қадамдарды егжей-тегжейлі пысықтады.

«Біз тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға мүдделіміз. Біздің студенттердің, магистранттар мен докторанттардың бірлесіп жасаған жұмыстары өзара білім алмасуды ғана емес, сондай-ақ екі ел мәдениетінің алмасуын да қамтамасыз етеді», – деп санайды CityU HK президенті, профессор Фредди Бой.

Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен CityU президенті Фредди Бой бакалавриат, магистратура мен PhD докторантурасы бойынша бірлескен жаңа білім беру бағдарламаларын ашуға мүмкіндік беретін құжаттарға қол қойды.

Қол қою рәсімі кезінде сөз сөйлеген Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев: «Әйгілі Политехтің дамуында осы сәттен бастап жаңа дәуір басталады, біз мұны ғылым және жоғары инженерлік білім саласында әлемдегі ең үздік университеттердің бірімен серіктестік келісіммен ашып отырмыз», – деді.

Сәтбаев Университетінің делегациясы CityU зертханаларының қызметімен де танысты. Қазақстандық ғалымдар олардың үздік зертханаларының жетекшілерімен бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу жөнінде келісті.

Бұл жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қолдауымен жүзеге асырылуда. Ал қол қойылған меморандумдарға Лестер Хуан мырза мен Қазақстан Республикасының Гонконг, Макао және Орта Азия елдеріндегі Бас консулы Алмас Сейтақынов мырза куә болды.

Сәтбаев Университеті академиялық ұтқырлық саласы бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізуде – 2023–2024 жж. университеттің халықаралық серіктестер шеңбері едәуір кеңейді. Оған АҚШ, Гонконг, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және басқа да елдердің университеттері қосылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

СЕРПІН БЕРЕТІН 8 ШЕШІМ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясында шаһардың алдағы дамуына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер қаралды. Депутаттар күн тәртібіне енгізілген 8 мәселені...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

ХАЛЫҚ ТАРИФ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДЫ СҰРАДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Жолдың жыры, тарифтің салмағы, автобустың азабы. Әл-Фараби ауданындағы халықпен кездесуде шымкенттіктер көкейдегі көп мәселені әкімнің алдына жайып салды. Шымкент қаласының...

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

КӨП МӘСЕЛЕ АУДАННАН АСПАЙДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Ауданнан аспайтын мәселені мегаполис мэрі шешуге мәжбүр.  Жол, жарық, су ағар, балалар ойын алаңшасына қатысты мәселелер Әл-фараби ауданы аумағында орналасқан...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНА ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Бір телефон қоңырауы немесе жалған хабарлама. Осылайша мыңдаған адам алаяқтардың арбауына түсіп жатыр. Әсіресе, егде жастағы азаматтар жиі зардап шегуде....

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОС САЯБАҚ АШЫЛДЫ

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҚОС САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
23.06.2026
0

Қала күні қарсаңында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлы Шырайлы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол қала әкімімен бірге...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.