Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Полицейлер букмекерлік кеңсеге шабуыл жасаған күдіктілерді қолға түсірді
    Жаңалықтар

    Полицейлер букмекерлік кеңсеге шабуыл жасаған күдіктілерді қолға түсірді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.07.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сарыағаш АІІБ-нің кезекші бөліміне Сарыағаш ауданы Ақниет аулындағы базарлардың бірінің маңында орналасқан букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобынының анықтағаны, ағымдағы жылдың 6 шілдесі күні түнгі уақытта, беттеріне бетперде киген белгісіз тұлғалар анықталмаған қарумен букмекерлік кеңсеге баса-көктеп кіріп, кеңсенің 22-жастағы қызметкерін және кеңсеге келуші азаматты қарумен және физикалық күш қолданып қорқытқан. Содан соң, кассадағы 90 мың теңге ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған.
    Аталған жайт Сарыағаш АІІБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сарыағаш АІІБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, 1995,1998 және 1999 жылдары туылған Сарыағаш ауданының тұрғындарын күдікті ретінде құрықталды. Олар өз қылмыстарын толық мойындап отыр.
    Айғақ зат ретінде тәртіп сақшылары аңшылық шолақ мылтықты тәркілеп алды. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша, 192-бап «Қарақшылық» және 287-бап «Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын заңсыз өткізу, сақтау, тасмалдау немесе қолдану». Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.