Бүгін, яғни 11 қаңтар күні ҚР Білім беру ісінің үздігі, Түлкібас ауданының «Құрметті азаматы», Елбасының курстасы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Марат Қыстаубаев туылған. Қымбатты Марат Жұмабекұлы! Сіз қазір 76 жастық өмір асуының биігіне көтеріліп, біз үшін бұрынғыдан да асқақтай, бұрынғыдан да мәртебелі бола түскендей көріндіңіз. Сіз осынау жүріп өткен ұлағатты жолыңызда перзенттеріңіз бен жақындарыңыз үшін әрдайым да тәрбие мектебі бола алдыңыз. Өмір иірімінің сан тарау тұстарында қашан да Әкелер жолы артындағы өскелең ұрпаққа ғибратты ғұмыр жолы болып, олардың арман биігіне тәлімді бағытты нұсқап отырды. Сандаған ұрпақтар осындай тағлымды ғұмыр жолымен шыңдала түсіп, алдыңғы аға буынның мәнді де, өнегелі істерін басшылыққа алып ер жеткен еді. Артындағы ұрпаққа ірі болмысты, кесек істерімен көріне алған Әкелер қатары әрдайым да аз болмағанын еске алып, құрмет тұтсақ. Міне, Сіз осындай құрметке ие жансыз. Мерейтойыңыз құтты болсын! Әр уақытта қажымай-талмай өз ортаңыздың қадірменді ақсақалы, өз перзенттеріңіздің айбынды ақылшысы болып жүре беріңіз!
ТҮРКІСТАНДЫҚ СӘКЕН БИБОСЫНОВ ТОКИОДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Бокстан Токио Олимпиадасында 52 келі салмақ дәрежесінде жартылай финалдық жекпе-жектер өтті. Қазақ ұланы Сәкен Бибосынов Ұлыбритания өрені Галал Яфаймен кездесті....