Image14

90 жастағы тыл еңбеккері қоларбалы болды

Шымкент қаласындағы «Самал» мөлтек ауданының тұрғыны, тыл еңбеккері Хадиша Молдабаева  көптен  күткен  қоларбасына  қол жеткізді.  93 жастағы  ақ жаулықты  әже  Шымкенттік  Кеңес Одағының Батыры  Ережепбай  Молдабаевтың туған әпкесі. ІІ дүниежүзілік соғыста Отан  үшін  жанын  қиған  Батырдың бауыры  бұдан бұрын  қарттықтың салдарынан еркін жүріп-тұра алмайтындығын айтқан  еді. «Айғақ»  телеарнасы  үстіміздегі жылдың  маусым айында  Польша жерінде болып, жерлес  батырларымыз  қаза болған  орындарда түсірілім  жұмыстарын  жүргізген еді. Олардың  қатарында  небәрі  16 жасында  майданға  аттанып, ерлік  жұлдызын  жаққан  Ережепбай  Молдабаев та бар. Сол тұста батырдың  бір анадан  туған  жалғыз бауыры  тоқсанның төріне шыққан Хадиша  апамыз Еуропаға  жол тартқалы отырған делегаттарға  ақ батасын беріп, туған жердің  топырағын   аманаттаған болатын. Ойға алған  мұрат орындалып, біздің телеарна Ер Ережепбайдың  жерленген  орнын тапты. Туған жерден алынған бір уыс топырақ, араға 70 жыл салып, қаза болған батыр моласына қойылды. Іздеусіз жатқан қазақтың хас батырының рухына арнап арнайы  Құран түсірілді. Польша еліне делегацияны бастап барған,  облыстық  мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш пен  Елбасының курстасы  Аманәлі  Абдурамановтар араға ай салыпү ақ жаулықты Хадиша әжейдің шаңырағына барып, сапар барысының ойдағыдай  мәресіне жеткендігін   баяндап берді. Жоба орындалмас   бұрын  батыр бауырының алтын әріптермен  жазылған есімін   көру  үшін  қаламыздағы  Даңқ  Аллеясына  Хадиша апамыз әзер жеткен еді. Бұл сөзімізге бейнеқорымызда сақталған бейнежазбалар дәйек  бола алады.  Бойындағы  қайрат-күшін  кәрілік  жеңіп,  бірнеше жылдан бері  аяқ ауруының зардабын  тартқан  ел анасының   бүгін тағы бір тілегі орындалды.  Халық қалаулысы   Дулат Назарбекұлының  ықпалымен  қоларбаға  қол жеткізді. Бауырын  іздеп  Польшаға барып, бүгінгідей  қол ұшын  созып жатқан ел азаматына кейуана алғысын білдірді.

Ботагөз МӘДІБЕК




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!