Түркістанда өткен сайлау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттығына 320 мандат берілді. Жалпы облыс тұрғындары еліміздегі саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Айта кетейік, Түркістан облысында 911 сайлау учаскесі ашылып, онда 1 млн 160 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Сайлау бойынша 320 мандаттың 45-і облыстық мәслихатқа бөлінген. Ал, қалалық мәслихатқа — 47, аудандық мәслихатқа — 228 кандидат сайланды. Саяси партиялар арасында Қазақстан Халық партиясына – 1 мандат, Нұр Отанға – 263 мандат, Ауыл партиясына 32, Ақ жол партиясына 24 мандат бөлінген. Ал, 7 пайыздық көрсеткішке жете алмаған Адал партиясы мандаттық тізімнен шегерілді.
Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді.