ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мәжит Ілиясқар Жамбылұлы 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.
Саналы өмірін, парасатты ғұмырын Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының дамуына арнаған абзал жан. Қазақ театрының алып тұлғасы, бекзат өнердің шоқ жұлдызы еді. Мәжит Жамбылұлы актерлік өнерімен қоса Ж.Шанин театрының қазыналы көмбесі, мұрағат көзі болатын.
Театр тұлғасының жарқын бейнесі мен өнегелі өмірі қалың көрерменнің жүрегінде мәңгі сақталады.