• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 15, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАНДА «СӘЛЕМ САҒАН, ТҮРКІСТАН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

09.12.2019
0

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстың имиджі мен туристік әлеуетін арттыру және түркі әлемінің орталығы ретінде дамуына үлес қосу, мәдениет пен өнердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнерлі жастарға қолдау көрсету мақсатында мәдениет басқармасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  400-ге жуық үміткер додаға түскен ауқымды шараға 2 мыңнан астам көрермен көзайым болды.

Фестивальдің қорытынды шарасына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов арнайы қатысып, Гран-при иегерлерін марапаттады. Шара аясында классикалық ән орындаушылар, балаларға арналған би, Түркістан облысының дамуы мен тарихи-мәдени киелі орындарын насихаттау мақсатында суретшілер мен фото суретшілердің «Түрленген — Түркістан» байқау-көрмесі, «Open Turkistan» танымдық бейнероликтер, ұлттық киім дизайнерлерінің туындыларын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Turkistan fashion» киім дизайнерлерінің байқауы өтті.

Қазылар алқасының шешімімен «Сәлем саған, Түркістан» өнер фестивалі аясында өткізілген балаларға арналған би байқауының бас жүлдесі Түркістан қаласындағы «Шабыт»  және Төлеби ауданыннан келген «Көркем» би ұжымдарына табысталды. Бәйдібек ауданынан келген «Асылым», Жетісай ауданынан келген «Шаттық» би ұжымдары жүлделі 1-орыннан көрінді. Ал кентаулық «Шығыс ырғақтары» және сарыағаштық «Еркетай» би ұжымдарына 2-орынды еншілесе, «№1 Сайрам балалар саз мектебі» мен қазығұрттық  «Балауса», шардаралық «Ақмаржан»  би ұжымдары 3-орынды қанағат тұтты.

Ал, «Түрленген – Түркістан» суретшілер мен фото суретшілердің көрме байқауының кескіндеме номинациясы бойынша бас жүлдесі Нұр-Сұлтан қаласынан келген Маханбет Сейсенханға табыс етілді. Шымкенттік Арман Омаров 1-орынды, шымқалалық Серікбай  Жорабеков пен Сейітбек Мажибаев 2-орынды, Шымкенттен келген  Бейбіт Бертаев пен түркістандық   Мұрат Шаханбаев және шымкенттік Омар Бабажановтар жүлделі 3-орынды қанжығаларына байлады. 

Фотосуретшілер сайысында шымкенттік Сүндет Жанадилов бас жүлдеге, Мақсат Шағырбаев жүлделі  1-орынға, Бейбіт Бертаев пен Салауат Жәнібекұлы  2-орынға, оралдық Мейірбек Ташкуранов пен шымқалалық Дәулетияр Балтабаев, нұрсұлтандық Шүкір Шахай жүлделі 3-орын иегері атанды.

«Open Turkistan» бейнероликтер сайысында шымкенттік Еркін Марғұлан бас жүлдеге қол жеткізді. Айдана Көшен 1-орын, Алихан Конкин 2-орын, Әбдінаби Данияр 3-орынды қанжығаларына байлады.

Бұдан бөлек, 7-12 жас аралығында классикалық ән орындаушылар сайысының бас жүлдесіне Төлеби ауданының өнерпазы Ғаламат Халық лайық деп танылды. Сарыағаштық Айша Уалихан 1-орын, түркістандық Базарбай Ізбасар 2-орын, арыстық Арман Абдрахман 3-орын иегерлері атанды.  Ал, 13-17 жас аралығында төлебилік Ақбота Мұратқа тең келер ешкім болған жоқ. Шымкент қаласының өнерпазы Асқар Рысбек 1-орын, жетісайлық Бекасыл Сыйқымбай 2-орынды иеленсе, түлкібастық Диана Ерсерікқызы жүлделі 3-орыннан табылды.

Сонымен қатар, «Turkistan fashion» ұлттық киім дизайнерлерінің байқауының бас жүлдесі Несібелі Есқараеваға,  1-орын Іңкәр Мұхтарға, 2-орын Гаухар Қапақоваға, 3-орын Салтанат Омароваларға бұйырды.

Айта кетейік, алдын-ала басқармамен бекітілген байқау қағидаларына сәйкес, «Open Turkistan» бейнероликтер байқауына 93 бейнеролик келіп түссе, «Turkistan fashion» ұлттық киім дизайнерлерінің байқауына 50-ге жуық еңбек ұсынылып, финалға 10 дизайнердің жұмысы таңдалып алынды.

Би байқауына барлық аудан, қалалардан 15 би ұжымы қатысуға өтінім берсе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы классикалық ән орындаушылар байқауына алдын ала жүргізілген іріктеу кезеңі арқылы 25 үміткер соңғы кезеңге жолдама алса, «Түрленген – Түркістан» суретшілер мен фото суретшілердің байқау-көрмесіне 33 кескіндемеші мен 17 фотосуретші өз жұмыстарын ұсынды.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.