• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Желтоқсан 25, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мәжілісі өтті

01.11.2019
0

Бүгін Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Фракция мәжілісіне облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев және депутаттар қатысты.

Мәжіліске облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі Мұрат Төлтебаев төрағалық етіп, жүргізіп отырды.


Депутаттық фракция мәжілісінің күн тәртібінде «2016-2020 жылдарға арналған Түркістан облысының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуы және проблемалық мәселелерді талқылау туралы» мәселе қаралды. Ол туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев хабарлама жасады.


«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысының құрылғанына 1 жылдан астам уақыт өтті. Осы кезеңде Елбасы тапсырмаларына сәйкес, Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған «Даму» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бағдарламаға сәйкес экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық тәртібі, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер салалары, яғни, 6 бағыт бойынша жұмыстар жоспарланған. Жыл басынан бергі 9 айда облыста жалпы өңірлік өнім көлемі 718,0 млрд.теңгені, нақты көлемі индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 105,5% құрады. Облыс кәсіпорындарымен 370,2 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9%-ға жоғары, республика бойынша 5 орынды иеленді. Ауыл шаруашылығы өнім көлемінің өсімі 3,4%-ға артып, жалпы көлемі 447,6 млрд. теңгені құрады. Ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 70 млрд. теңгеге көп», – деген Ж.Аманбаев базалық индикаторлар оңтайландырылғанын мәлімдеді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша фракцияның бірнеше мүшесі сөз ұсыныс-пікірлер айтты. Нәтижесінде облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мәжілісі күн тәртібін жан-жақты талқылап, облыс әкімінің орынбасары Ж. Аманбаевтың баяндамасы назарға алынсын деген тоқтамға келді. Арнайы қаулы қабылдады.


Қаулыда өңірдегі «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламаларының жаңа механизмдермен жұмыс істеуіне аудан, қалалардан ұсыныстар жинақтау, аудандар мен қалалардағы тұрғындарды сапалы ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелерін тездетіп шешу мәселелері орын тапқан. Сондай-ақ өңір экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, жергілікті органдарда жоспарланған индикаторларға қол жеткізу, облыс көлемінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау, өңірдегі инвестициялық климатты жақсартуға ұсыныстар жинақтау туралы да міндеттер жүктелген. Осы қаулыға сәйкес, ұсыныстардың қорытындылары облыстық партия филиалына ұсынылып, міндеттердің орындалуын бақылау «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына жүктелді.
Депутаттық фракция мәжілісінде облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев өңірді дамыту бағытында әрбір азамат талапқа сай жұмыс істеуі керектігін айтты. «2016-2021 жылдарға арналған даму бағдарламасы ертеректе қабылданған. Мұндағы индикаторлар тиісті деңгейде орындалып келеді. Дегенмен бүгінде облыс бөлінді. Дамудың жаңа бағыттары белгіленді. Қазір Түркістан облысында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан да бағдарламадағы индикаторлық көрсеткіштерді жоғарылатып, талапты күшейту керек деп ойлаймын. Осы бағытта іске кірісеміз. Фракцияда өңірдегі маңызды мәселелерді талқылауды күшейтеміз » деген облыс әкімі фракция мүшелері мен орынбасарларына және басқарма басшыларына тапсырмалар берді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.