• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Түркістан облысында әлеуметтік нанның орташа бағасы 71,5 теңге

31.10.2019
0

Түркістан облысы бойынша әлеуметтік нанның орташа бағасы — 71,5 теңге көлемінде. Ал Түркістан қаласында арнайы дүкендерде 75 теңгеден сатылуда. Бүгін бұл туралы арнайы рейдтік шара аясында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт мәлімдеді, деп хабарлайды Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтың төрағалығымен арнайы құрылған жұмыс тобы әлеуметтік нан бағасының өсуіне қарсы жүйелі жұмыстар атқаруда. Бүгін облыс орталығы Түркістан қаласында әлеуметтік нан бағасын бақылауға арналған рейдтік шаралар ұйымдастырылды.
Шара аясында сала мамандары мен БАҚ өкілдері Түркістан қаласында бірнеше маркеттер мен әлеуметтік дүкендерді аралады. Ондағы әлеуметтік нан мен азық-түлік бағаларымен танысты. Рейд барысында облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт бағаны тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан шараларды баяндады.
«Қазіргі таңда Түркістан қаласына бидайды төмен бағамен жеткізу жөнінде келіссіздер жүргізілген. Сондай-ақ, жергілікті «Ақжол» ЖШС наубайханасымен келісім-шарт жасалды. Наубайхана күніне 25000 дана нан өнімін даярлап, қала сұранысының 80 пайызын қамтып отыр. Әлеуметтік нан өндіру үшін наубайхана арзандатылған 1-сұрыпты бидай ұнымен қамтамасыз етілетін болады. Өндірушілерге арзан бағадағы шикізатты жеткізе отырып, әлеуметтік нан бағасын тұрақтандырып отыратын боламыз. Күнделікті 1-сортты ұннан жасалған әлеуметтік нан Түркістан қаласындағы 20 сауда орнында (әлеуметтік дүкендер, «Шапағат», «Береке» сауда үйлері) 75 теңгеден сатылуда. Ал облыс бойынша әлеуметтік нанның орташа бағасы 71,5 теңге көлемінде. Мамандар нанның салмағын да қадағалауда ұстап отыр», — деді Нұрлан Мархабатұлы.
Шара аясында Түркістан қаласындағы азық-түлікті төмендетілген бағамен сататын әлеуметтік дүкендер де таныстырылды. Түркістан облысы бойынша Тұрақтандыру қорының басқарма директоры Марал Марасилов жергілікті тұрғындар арзан бағада азық-түлік алулары үшін Түркістан қаласында 8 әлеуметтік дүкеннің жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.
«Біздің қорымызда 14 әлеуметтік дүкеннің 8-і жұмыс істеуде. Алдағы уақытта қалған дүкендерді іске қосатын боламыз. Әлеуметтік 19 тауардың бағасын тұрақтандыру үшін жұмыстар атқарылуда. Жалпы қазіргі таңда қоймада 12 мың тонна өнім бар. Бұл қор бағаны қалыпты ұстауға жеткілікті. Ал әлеуметтік нан бағасын көтермеу мақсатында наубайханаларға арзан бағада ұн, субсидия беруді қолға алып жатырмыз», — деді Марал Марасилов.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

Айғақ медиа
03.10.2026
0

Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.