Бүгін алтыншы шақырылған Түркістан облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Күн тәртібінде Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы мәселе қаралды. Сессияда ҚР Президентінің депутаттарға жолдаған хаты оқылды. Жиында
Халық қалаулылары Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысын қарады.
Хат мәтінінде:
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87- бабының 4-тармағына сәйкес Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындауға келісім алу үшін Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің кандидатурасын ұсынамын.
Өмірзақ Ештайұлы Шөкеев 1964 жылы туған. Мәскеу экономика-статистика институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.
Мемлекеттік басқару органдарында мол еңбек тәжірибесі бар. Экономика министрі, Премьер-Министрдің орынбасары – Экономика және сауда министрі, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкімі, Премьер-Министрдің орынбасары, бірінші орынбасары, Премьер-Министрдің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрінің қызметтеріне тағайындалған.
2011 – 2017 жылдары «Самұрық –Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын басқарды.
2019 жылғы ақпаннан – Түркістан облысының әкімі.
Қолдауларыныңызды сұраймын» делінген. Дауыс беру кезінде халық қалаулылары бірауыздан Өмірзақ Шөкеевті қолдап, облыс әкімі лауазымына тағайындалуын мақұлдады.
Өз кезегінде, қызметіне қайта тағайындалған облыс әкімі Мемлекет басшысы мен Мәслихат депутаттарының артқан сеніміне ризашылығын білдірді.
«Айғақ-ақпарат»