23 маусым — Қазақстан полициясы күні. Осыған орай Жетісай аудандық ІІБ-ның бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Серікбаев Әбдіғаппар Бердіқұлұлын еске алуға арналған ерлер арасындағы волейболдан және кіші футболдан турнир өтуде.
Түркістан облысы көлемінде ұйымдастырылған спорттық шара 14-15 маусым аралығында өтеді деп жоспарлануда. Сайысқа жалпы 150-ге тарта спортшы қатысса топ жарған командаларға арнайы сый-сыяпат тағайындалды.