• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қыркүйек 2, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлем

Қ.Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды

13.06.2019
0

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  5) тармақшасына, «Қазақстан  Республикасының  Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта аталсын.  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Президентiне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) болып қайта құрылсын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарын анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленсін.

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13,  116-құжат) мынадай өзгеріс  пен толықтыру енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі»;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

 «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)».

4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратымен бірлесіп бір ай мерзімде:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағаларымен бірлесіп: агенттіктер туралы ережелердің жобаларын;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің штат санын қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізсін.

2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
             Президенті                                                                            Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  13 маусым

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

“ЖАС ДАРЫНДА” АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

“ЖАС ДАРЫНДА” АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шымкентте «Жас дарын-3» бастауыш мектебінде  алғашқы қоңырау соғылды. Биыл 153 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап отыр. Мұнда оқу сапасымен бірге балалардың...

“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ 72 ОҚУШЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ 72 ОҚУШЫҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Мегаполисте жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы өтті. Іс-шараны қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Respublica» партиясының әйелдер қанаты бірлесіп...

БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

МЕГАПОЛИС ХАЛҚЫ ҚОНАЕВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шаһар тұрғындары бүгін Қонаевтың ескерткішінің алдына жиылды. 22 тамыз – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған...

БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

ГРУЗИЯДАҒЫ ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Сайрам футбол құрамасы еліміздің атынан  Грузияда өткен халықаралық турнирге қатысып, топ жарды.  Ала доп шеберлерінің тартысты бәсекесәнде футболшылар шеберліктерін үлгісін...

БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ БАЛАЛАРҒА ТАРТУ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Ата Заңның 30 жылдығы қарсаңында Шымкентте мүмкіндігі шектеулі балаларға 5 АЕК көлемінде бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі. Бұл туралы қала...

БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

КОНСИТИТУЦИЯ КӨШЕСІНДЕГІ ТАЗАЛЫҚ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Шымкентте түрлі шаралар өтуде. Ал, Ұлттық сапа орталығының қалалық филиалы игі ісімен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.