ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Рухани астанаға арнайы іс-сапармен келді. Агенттік төрағасы А.Жатқанбайұлы Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысу мақсатында бірқатар нысандарды аралады. Алдымен жобалық кеңсеге ат басын бұрды. Жиын барысында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарының сызба нұсқасы көрсетіліп, кеңсе жұмысы таныстырылды.
«Түркістан — түркі дүниесінің орталығы болғандықтан, оны көркейту үшін барлығы ат салысу керек. Әрине құрылыс жұмыстарын сапалы әрі тез бітірсек, баршамызға тиімді. Сонымен қатар туристердің санын арттыруға да өз септігін тигізеді» — деді Агенттік басшысы Алик Шпекбаев .