• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Ақпан 15, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Түркістанда «Нәзір жолы» атты кітаптың тұсауы кесілді

29.05.2019
0

Түркістан қаласындағы Нәзір Төреқұлов атындағы музейде 31 мамыр саяси-қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Алаштың арда ұлдары» атты «дөңгелек үстел»  өтті. Аталған басқосуға белгілі ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Нәзір Төреқұлов музейінің меңгерушісі Бақытжан Жорабеков  іс-шараның маңызына тоқталып, ел үшін шейіт болған қайраткерлерді ұлықтау мақсатында көптеген жұмыстар қолға алынғанын айтты.

Белгілі нәзіртанушы, ақын, Түркістан қаласының құрметті азаматы Нұрмахан Назаров жазықсыз жала құрбаны болған Нәзір Төреқұлов жайында кеңінен айта келе, тұлға туралы Ресей мен Өзбекстан басылымдарында жарық көрген мақалалардан мысал келтірді. Кейінгі ұрпақ ондай зобалаңды көрмесін деген тілегін жеткізді. Ал ақын-жазушы Айыпберген Балтабаев музейге өз кітаптарын тарту етті.

Басқосуда Абдолла Жүсіпов, Хазіретәлі Тұрсын, Сейдолла Садықұлы сынды ғалымдар мен тарихшылар саяси-қуғын сүргін құрбаны болған Алаш ардақтылары жайында сөз қозғады. Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандары туралы деректер жылдан-жылға толығып жатқанына, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру керектігіне тоқталды. Музей жанашырлары Төлтай Төлегенов, Әли Нышанов және Тынысбай Әметұлы да өз ойларын ортаға салды.

«Қазақ тарихындағы сол бір зұлмат жылдары миллиондаған қандасымыз аштықтан қырылса, қайраткерлеріміз ұлтына қызмет еткені үшін жазаланды. Біз осы қиын-қыстау кезеңде қазақты аман сақтап қалу жолында еңбек етіп, шейіт болған тұлғаларымызды ұмытпай, олардың ерліктерін жас ұрпаққа дәріптеуіміз керек», – деді ел ағалары.

«Дөңгелек үстелде» «Нәзір жолы» атты кітаптың тұсауы кесілді. Оны халықаралық «Нәзір Төреқұлов» қорының қолдауымен Н.Төреқұлов музейінің қызметкерлері әзірлеген Кітапта қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұлов туралы зерттеу мақалалар мен ғалымдардың баяндамалары топтастырылған.

Кездесу соңында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына, Алаш арыстарының рухтарына құран бағышталды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА COVID-19-ДЫҢ БЕС ЖАҒДАЙЫ ТІРКЕЛДІ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Денсаулық сақтау министрлігінде бұл «Омикрон» коронавирус штаммына қатысты екенін нақтылады.Жұқтырудың бес жағдайын Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тіркеді. «Өткен...

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау...

СОЗАҚ АУДАНЫ АЛҒАШ РЕТ ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Созақ ауданы барып, Шолаққорған ауылдық округінде табиғи газ желілерін іске қосу рәсіміне қатысты....

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ ҮШ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

2026 жылдың 23 қаңтарында Абай және Келес аудандарының үш тұрғыны ауыр жағдайда 2-деңгейлі Инсульт орталығынан 3-деңгейлі Облыстық клиникалық аурухана жанындағы...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ — МИЛАН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Араға 32 жыл салып Михаил Шайдоров еліміздің қоржынына алтын медаль салды.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.