ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Жеңіс Қасымбек ҚР Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалды.
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – 1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысы, Шу қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының сәулеттік орта дизайны факультетін (1997) мамандығы бойынша, Еуразия университетінің мемлекеттік тік және муниципалдық басқару ісі факультетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылдан – «ТемірБанк» ААҚ бас банкирі. 1998 жылдан — ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде темір жол көлігі және порттар бөлімінің бастығы. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Үйлестіру департаментінде көлік саясаты бөлімінің бастығы. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Келіктегі тарифтік саясат басқармасының бастығы. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде Көліктегі тарифтік саясат департаменті директорының орынбасары. 2004 жылдан – «Ақтау» халықаралық теңіз сауда порты» РМК директоры. Көлік және коммуникация вице-министрі. Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. Бұл тағайындауға дейін ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болған.