• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІН ДАМЫТАТЫН 480 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

20.05.2019
0

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Мәжілістің күн тәртібінде 2019 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттің орындалуы және жазғы демалыс айларында  балалардың бос уақытында сауықтыру демалысын ұйымдастыру жұмыстары туралы  мәселелер қаралды. Ең алдымен Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев баяндама жасады.

«Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2018 жылдың алдын ала қорытындысымен 1 трлн. 650,5 млрд.теңге сомасында қалыптасты. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 6,2 пайызды құрады. Жалпы өңірлік өнімді жан басына шаққанда 833,8 мың теңгеден келеді. Алдыңғы жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда өсім бар. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 153,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға артты», – деді А.Абдуллаев.

Селектор отырысында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев аудан басшыларына өңірлерде отбасылық шаруа қожалықтарын көбейту керектігін айтты.  Сондай-ақ «Ауылым – алтын бесігім» жобасы аясында атқарылатын жұмыстарды тездетіп, Түркістан облысының аумағын дамыту, халқын тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында 480 жобаны қазірден бастау қажеттігін  жеткізді. Сонымен қатар тапсырманы орындамаған аудан басшыларына тиісті шара қолданылатындығын ескертті.

Жиын барысында Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев бүгінде облыс орталығында мемлекет мұқтаждығы үшін 303 нысан босатылғанын баяндады. Облыс басшысы босаған нысандардың құрылыс жұмыстарын жылдамдатып, қаладағы сүрілетін нысандардың иелерімен түсіндірме жұмыстарын қарқындатуды тапсырды. Бұдан өзге, өңір басшысы облыс орталығын көгалдандыру мен ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстарын қолға алу керектігін айтты.

Одан соң бюджеттің орындалуы бойынша қаржы басқармасының басшысы  Абдрахман Тасыбаев баяндама жасады.

 «Жалпы облыс бойынша 2019 жылдың 1 мамырына дейін жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 109,7 пайызға орындалды», – деді А.Тасыбаев.

Ал жазғы демалыс айларында балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, сауықтыру демалысын ұйымдастыру жұмыстары туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ  Садықова мәлімдеді. 

«ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Қиын өмір жағдайындағы балаларды сауықтырудың барлық түрлерімен қамту үлесі» белгіленген. Облыс бойынша қамту үлесі  61 пайызды құрап отыр. 2018 жылы жаз мезгілінде қала сыртында 26 сауықтыру лагері жұмыс істеді. Оған 27 000 бала тартылған болатын. Оның ішінде 9-ы мемлекеттік, ал 17-сі жекеменшік. Биыл жаз мезгілінде қала сыртында 23 сауықтыру лагері (7 мемлекеттік, 16 жекеменшік) жұмыс істейді деп жоспарланып отыр» , – деді А. Садықова.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.