Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, «Саутс-Ойл» ЖШС-нің президенті, белгілі меценат Серікжан Сейітжанов туылған. «Құрмет» ордені, «Алтын Жүрек» Алтын медальдарының иегері ҚР Президенті тағайындаған «Парыз» Алтын мүсіншесімен марапатталған алтын жүректі, кең пейілді халық қалаулысын бүгінгі қуанышты күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз!