Бүгінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы Республикамыз бойынша кең көлемде жүзеге асырылуда. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы сол бағдарламаның жалғасы заңды жалғасы. «Қазақтың арғы-бергі тарихында біз ұялатындай ештеңе жоқ» дегенді бұрынырақта айтқан Елбасы бүгінде түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туып отырғандығын жеткізді, Осы тұста, елдің келешегін кемелдер жастарға үлгі болар айтулы тірліктің атқарылуына қазығұрттық қариялар бас көтерді. Ауызбіршілікпен жасалған жұмыстың жүйелі іске асқандығы баршамызды тәнті етті.
«Айғақ-ақпарат»