• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Жаңалықтар. 15 ақпан, 2019 жыл.

16.02.2019
0

Бейсенбіде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Түркістан облысына келді. Жұмыс сапары барысында облыстың әкімі Жансейіт Түймебаев рухани қаладағы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарымен таныстырды. Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ нысандарды аралап болған соң,  облыстың актив өкілдімен кездесіп, Түркістандағы құрылыстарды  және оның бюджетін нақтылап кетті.

— «Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек» деп ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы айтпақшы бұл жолғы есептік кездесу басқаша. Бүкіл жұрттың назарында тұрған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев тұңғыш рет есеп берді. Жаңа орталықтағы жаңа облыстың тариxи есептік кездесуінде мәтелге лайықты сөз тіркестері айтылды. «Не шықса да Оңтүстіктен шығады»  деген сөздің астарына тоқталған Түймебаев Түркістанның болашағын жиылған жұртқа жария етті. Руxани астанадағы есептік кездесуге қатысқандар қайраталып, руxани жігерленді.

 — Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халық алдында есеп беру жиынын өткізді. Жыл бойында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасалып, алдағы уақытта атқарылатын ауқымды жобалар сөз болған жиында қала тұрғындарын толғандырған сауалдарға да жауап берілді. Есепті жиында мәлім болғандай республикалық маңызға ие  шаҺарымызда биыл қоғамдық көліктер мәселесі толыққанды өз шешімін табатын болады. Сонымен бірге қаламызда бір мезетте 2 мың жолаушыны еркін қабылдай алатын  заманауи үлгідегі әуежай құрылысы да бастау алмақ. Ал ең бастысы қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік көмекке мұқтаж аналардың бір реттік  жәрдемақысы биыл  25 мың тенгеден 100 мың тенгеге ұлғайтылып отыр.

— Таразда да қала әкімінің есебі тыңдалды. Халық алдында 2018 жылды қорытындылап, биылғы жоспарларымен таныстырған басшымен кездесуге Тараз түгел жиналмаса да, мәдениет үйіне сыйған азаматтардың айтар ұсынысы сағатқа созылды.

— Түркістан облысында  59 қызмет түрі бойынша тарифтер бағасы төмендеді. Арзандатылған бағалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан  бастап қолданысқа еніп үлгерді. Бұл туралы, Облыстық Монополияға қарсы департаменті басшысының орынбасары Қымбат Серікұлы баспасөз жиынында мәлімдеп, тарифтер бойынша толығырақ айтып берді.

— Қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов білім алған Қапланбек жоғарғы аграрлық-техникалық коледжіне биыл 90 жыл. 1929 жылы іргесі қаланған оқу ордасынан бүгінге дейін 40 мыңнан астам шәкірт білім алған. Оның ішінде бүгінде ісін өрге дөңгелетіп отырған елге танымал жеке кәсіпкерлерде бар. Қазіргі таңда  колледждегі алдыңғы толқынның 1000-нан астам ізбасарлары, жас талапкер білім алуда.

— Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл. Атаулы күнге орай  №59 жалпы орта мектепте «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мен, өз Отанымның батыл қорғаушысымын» атты әскери — патриоттық сайыс өтті. «Ауған соғысында ерлікпен қаза болған жауынгерлерді еске алу» ауыспалы кубогі сарапқа салынды.

— Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында шетелдік дәрігерлердің қатысуымен буын ауруына ота жасалды. Мастер классты Германиядан және Ресейден келген білікті ортопед дәрігерлер өткізді. Маңызды ота 63 жастағы Ордабасы ауданының тұрғынына жасалды. Егде жастағы науқас отаға дейін амбулаториялық ем қабылдаған. Алайда, ешқандай нәтиже болмай, ота арқылы тізе арасына протез қоюға тура келген. Шетелдік дәрігерлер бұл жұмысты жүзеге асырып, 2 сағаттық ота жасады. Дәрігер мамандардың айтуынша, буын ауруы артық салмақтың әсерінен пайда болады. Сондықтан да, дұрыс тамақтанып, артық салмақ жинамауды, яғни қалыпты дене пішімін сақтауға кеңес береді.

«Айғақ-ақпарат».

 

 

Previous Post

Жаңалықтар. 14 ақпан, 2019 жыл.

Next Post

Он үш жасар жасөспірім екі бүлдіршінді құтқарды ​

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.