Еліміздегі іргелі оқу орындардың бірі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің құрылғанына биыл 75 жыл. Мерейтойды атап өту барысында көптеген маңызды іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі академик Сұлтан Сүйлейменов ескерткішінің білім ордасының бір корпусының алдында тұғырға қонуы еді.
Сүлейменов Сұлтан Тәшімбайұлы 1928 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы осы білім ордасында қажырлы еңбек еткен. 1970 жылы Шымкент технологиялық ғылымының докторы атанады. 1956-1957 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтын бітіріп осы білім мекемесінде аға оқытушы, факультет деканы және ректоры болып еңбек етеді.
Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты химия өнеркәсібін дамыту, силикаттардың жаңа түрлерін шығару, т.б. мәселелерге арналған. Қазақстан ЖЭС-терінен шығатын көмір қалдықтарын кешенді қайта өңдеу мен құрылыс материалдарын пайдалану саласын кеңейту үшін күл-қождық қалдықтардың қасиеттерін зерттеуді жүйелеумен айналысты, күл-керамикалық материалдарды өнеркәсіптік негізде өңдеудің ғылыми негіздерін жасауға мүмкіндік беретін лабораториялық және теориялық зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер жылу-энергететикалық шикізаттарды үнемдеуге ықпал етті. Сүлейменов С. Т. – 313 ғылыми еңбектің авторы (оның ішінде 6 монографиясы бар), 90-дай авторлық куәліктің иегері. Еңбек Қызыл Ту, «Құрметті белгісі» ордендерімен және медальдарымен марапатталған.
Ескерткіштің ашылу рәсімінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры Дария Қожамжарова келелі ой айтты.