• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 23, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар, 20 қараша, 2018 жыл

26.11.2018
0

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысы өтті. Премьер — Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиында инфрақұрылымды дамытудың 2015 — 2019 жылдарға арналған жобасы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шаралар туралы мәселелер талқыланды.Жиында сөз алған ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 792 млрд. теңге қаралғанын мәлімдеді. 1 қарашаға дейін оның 410,8 млрд. теңгесі немесе 51,9 пайызы игерілген. Нәтижесінде көлік инфрақұрылымды, энергетикалық инфрақұрылымды және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласын дамыту бағытындағы бірқатар шаруалар атқарылған. Мәселен, жоспар бойынша 3475 шақырымды құрайтын 19 жоба іске асырылып жатса, жыл соңына дейін оның 426 шақырымы пайдалануға беріліп, 453 шақырым жол ашылатын болады. Өз кезегінде Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі көлік инфрақұрылымының жағдайымен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

— Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Отарбаев Мәлік Нұржанұлы тағайындалды.

Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туылған. Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастап, аталмыш факультте аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.  2016 жылғы сәуір айынан Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы лауазымын атқарып келді.

– Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жылдық қорытынды мерекесі аясында Түркістан облысында  «Агрофест -2018» фестивалі өтті. Ала  жаздай дала төсінде тер төгіп, еселі өнімге қол жеткізген өңір  шаруаларының  биылғы жетістігі ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Яғни саладағы межеленген жоспарлар артығымен орындалып, ағымдағы жылы  өндірілген  ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құны 475 млрд тенгені құраған. Осындай көрсеткіштер  арқылы  Республика көлемінде  2  орыннан  көрініп отырған облыстағы  «Агрофест —  2018» фестивалі Түркістан қаласында кең көлемде аталып өтті.

— Түркістан облысында алдағы жылы жаңа 11 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі. Оның ішінде Түркістан қаласында 610 орындық облысық көпсалалы аурухананың  құрылысы да жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басармасының басшысы Мұқан Егізбаев өткізген есеп беру жиынында мәлімдеді.

— «Отандастар» қоры Қоғамдық даму министрлігі мен Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы біріге отырып, «Туған жерге тағзым» атты кең ауқымды жобаны бастады. Жобаға алыс-жақын шетелдерде тұратын қандастарымыз келіп қатысуда. Мұндағы мақсат Оңтүстік өңіріндегі тарихи-мәдени мұралармен және өзге де көрікті жерлерді шетел асып келген отандастарға таныстыру. Осы арқылы қазақ халқының мәдени, рухани құндылықтарын насихаттап, туған жердің киелі әрі ыстық екенін отандастар жүрегіне жеткізу.

— Таяуда ғана Түркістан облысының әкімі есігін ашқан «Түркістан» интеллектуалды клубтың алғашқы қонағы белгілі саясаткер Айдос Сарым болды. Жаңадан құрылған  облысқа алғаш келген  саясаткер тұрғындармен және жастармен кездесуді ұйғарған. Еркін тақырыптағы кездесу барысында жаңа Түркістан облысының құрылуымен құттықтап, өз ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ оларды жүзеге асыру барысында өз үлесін қосуға да әзір екенін жеткізді. Алдағы жылдары дамыған Түркістан қаласын оқу мен білімнің және жастардың ортасы ретінде елестетінін айтты. Яғни, Түркістан Қазақстандағы Кембриджге айналуына қауқары жетеді. Өзінің ойын ашық айтқан саясаткер алдағы уақытта жиі келіп, осындай еркін форматтаға кездесулер өткізуді жоспарға алды.

– Биыл  Республикалық маңызы бар қала статусына ие болған Шымкент шаһарында  замануи үлгідегі көпқабатты тұрғын  үйлер көптеп бой көтеруде. Айталық бүгінгі таңда қала аумағы бойынша жалпы саны 184 тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатса, соны 68-і бюджет қаржысына,  қалғаны жеке салымшылар есебінен бой көтеруде. Нәтижесінде биыл жыл соңына қарай бюджеттік  15 тұрғын үй  пайдалануға беріліп, баспана кезегінде тұрған азаматтарға қуаныш силайтын болады.  Бұл туралы Шымкент қалалық құрылыс басқармасының өкілдері мәлімдеп отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.