• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Жаңалықтар. 14 қараша, 2018 жыл.

24.11.2018
0

— Биыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы. Осынау  тарихы мереке аясында    «Бауырлас ел»  атты деректі фильм  жарық көрді.   Екі елдің бірлігі мен достығын бұқпасыз баяндайтын, бейнефильм түбі бір туысқан  қазақ–өзбек халықтарының бауырластығын дәріптейді. Фильм сценарийінің авторы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.

— Шымкент қаласында тарифтерді төмендету жоспарлануда. Шымкент қаласының әкімі  Ғабидолла Әбдірахымов  антимонополистерге осындай  тапсырма берді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, табиғи газдың  қымбаттылығы  бойынша Республикада мегаполис алдыңғы үштікте. Өзге де коммуналдық саланың құны өңірде, қарапайым халықтың қалтасын көтермейді. Қала мэрі Ғабидолла Рахматоллаұлымен өткен басқосуда осы және өзге де мәселелер майшаммен  қаралды.

—  14 қараша — әлем жұртшылығы үшін қант диабеті ауруына қарсы күрес күні. Бұл күнді әлемнің 160 мемлекеті атап өтеді. Осыған орай, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық орталық емханада «Ашық есік» күні өтуде. Қан диабеті дертімен күрес аясында, науқастар Түркістандықтар облыстан арнайы келген эндокринолог мамандардан кеңес алып, тұрғындар қандағы қант деңгейін анықтау анализін жасатуда.  Дәрігерлер 40 жастан асқан, дене салмағы ауыр адамдар мен гипертонияға шалдыққан жандарға қант диабетіне ұдайы тексеріліп отыру керектігін ескертеді. Қант диабеті – кең тараған қауіпті ауру. Жазылмас дертке шалдыққандар саны жыл өткен сайын көбеюде. Бүгінде денсаулықты сақтаудың, кез- келген кеселдің алдын алудың ең тиімді жолы — скрининг. Осы арқылы халықтан кең тараған ауру түрлері ертерек анықталып, ұтымды емдеу ісі жүргізілуде. Түркістан облысында соңғы 10 айдың ішінде 2,5 мың адамнан Қан диабеті анықталса бүгінде 23 мыңға жуық науқас аталмыш дертпен есепте тұр.

— 15 қараша – Ұлттық Валюта күні. Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан рубль аймағынан толықтай шығып, Теңге ресми айналымға енді.  Осы күннен бастап мемлекетіміз экономикалық тәуелсіздігін де алды. Бүгінде бұл дата тарих қойнауында алтын әріптермен жазылған.

— Облыстық маңыздағы жолдар мен асулар және де жылыту бекеттері қысқы маусымға сақадай сай. Бұл туралы Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты «Оңтүстік жолдары» мекемесінің мамандары мәлімдеп отыр. Аталмыш мекеме  өңіріміз бойынша жалпы ұзындығы 4300 шақырымға жуық жолдарға жауапты болса,  биылғы қыс маусымындағы жұмыстарға мекеме атынан жалпы саны   130 дан астам арнайы техникалар жұмылдырылған. Олардың көмегімен аудан қалаларға бөлінген бригадалар облыстық маңыздағы  жолдарды күтіп ұстау,  қардан тазарту жұмыстармен айналысады. Бүгінгі таңда «Оңтүстік жолдары» мекемесінің  Төлеби, Сайрам, Бәйдібек, Шардара аудандарында  арнайы базалары бар болса, күрделі 5 асу бойында жылыту бекеттері жұмыс жасайды.  Ал олардың барлығы да жауапты маусымға толықтай әзірленгендігін айтқан сала мамандары әзірге асулар мен облыстық маңыздағы жолдарда жағдайдың тұрақты екендігін айтады.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел арнайы сапармен Шымкентке келді. Жазушы «Отырар» кітапханасында өзінің сенімді оқырмандарымен жүздесіп, рухани сұхбат өткізді.

— Бадам 2 тұрғын үй алабындағы №97 жылпы орта мектебінің оқушылары мектепке енді автобуспен қатынамақ. 2017 жылы бой көтерген жаңа мектепте қазіргі таңда 460-тан аса оқушы 2 ауысымда білім алады. Өздеріңізге мәлім, күн суығанда мектептен 3 шақырым алыста тұратын оқушылардың сабаққа уақытылы баруы қиындай түседі. Елбасы 5 қазандағы қазақстандықтарға арнаған Жолдауында білім саласына ерекше назар аударған болатын. Осыған орай Шымкент қалалық білім басқармасы оқушыларды мектепке тасымалдайтын арнайы автобус қарастырған. Қазіргі таңда 30 оқушыға арналған автобустың тасымалдау уақыты мен аялдамаларда белгіленген. Бұл қуанышты жаңалыққа жергілікті тұрғындар дән риза. Ал, көліктің барлық шығыны Шымкент қалалық білім басқармасына тиесілі.

— Бәйдібек ауданы, Кеңестөбе ауылының «Шұғыла» балабақшасы бүлдіршіндердің іс-әрекетінің дамуын ертегі арқылы қалыптастыруда. Осы мақсатта балабақша ұжымы семинар- тренинг өткізіп, баланы тәрбиелеу мен білім беру жұмысын жетілдіру үстінде. Семинарға тәжірибие алмасу мақсатында аудандағы өзге балабақша басшылары да қатысқан.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 330 дерегі тіркелді. Соның ішінде байланыс SIM-картасының мерзімі жақын арада аяқталатынын айтып, оны қайта іске қосу...

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Алатау қанша биік болса да ай астында, Адамзат қанша биік болса да заң астында. Иә, еліміздің бас құжаты туралы Қазақстанның...

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
10.07.2026
0

АИТВ инфекциясы – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын...

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар және өңірлік жастар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Айғақ медиа
09.07.2026
0

 Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Жаңа Конституцияның маңызы мен жаңашылдықтары талқыланды. Басқосу барысында Ата заңға енгізілген реформалардың қоғам өміріне ықпалы,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.