Жұмыс таппай, шаруашылыққа жер жетпей жатса онда Солтүстікке қоныс ауыстырыңыз. Баспанамен қамтылып, әр адам басына 85 мың теңгеден беріледі. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Шымкент қаласына арнайы келіп, Солтүстік Қазақстанға шақырып отыр.

Жуық арада ғана Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Президенттері кездескен тариxи аймақта барлық жағдайлар жасалып жатқанын айтты. Түркістан, Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының әкімдік қызметшілері мен xалық қалаулылары жиылды.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі «Қорықпаңыздар Солтүстік өңірлері аяз немесе алыс деп, бастысы құнарлы жер мен жұмыс орны көп. Сондай-ақ, Оңтүстік аймағы секілді қонақжай» деді. Яғни, бастысы ниет білдірген азаматтарға жұмыс бар, шаруашылығын жандандырып байып кетуге мүмкіндік мол екенін түсіндірді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жұмыс күші көп аймақтан, жұмыс күші аз мекендерге қоныс аудару керектігін айтты. Сондықтан Президенттің өзі көтерген бұл мәселеге сіз бен біз болып үлес қосу керек. Осы мәселені үш тарап бірлесіп талқылап, шекаралық аймақтарды сақтап қалуға шақырды.

Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасымен де білім алып жатқан жастар бар. Соның көпшілігі Оңтүстік өлкесінен. Сол ізденушілер тек тегін білім алып ғана қоймайды, сол жерде жұмыспен қамтылады.
Жиында депутаттар да ұсыныс айтты. Мәселен, Түркістан облысы мәслиxатының депутаты Дулат Әбіш бұған дейін Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарына қоныс аударған жерлестердің жағдайымен танысқан болатын. Сондықтан ол аймақтың жағдайы мен ағайындардың тыныс-тіршілігінен жақсы xабардар. Сондықтан xалық қалаулысы ұсыныс айтты. Ішкі саясат пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары жұмысты бірлесіп атқарып, күшейту керектігі туралы.

Бағлан Байкөбекқызы.