• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Солтүстікте ниет білдірген азаматтарға жұмыс бар

15.11.2018
0
Жұмыс таппай, шаруашылыққа жер жетпей жатса онда Солтүстікке қоныс ауыстырыңыз. Баспанамен қамтылып, әр адам басына 85 мың теңгеден беріледі. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Шымкент қаласына арнайы келіп, Солтүстік Қазақстанға шақырып отыр. Жуық арада ғана Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Президенттері кездескен тариxи аймақта барлық жағдайлар жасалып жатқанын айтты. Түркістан, Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының әкімдік қызметшілері мен xалық қалаулылары жиылды.Солтүстік Қазақстан облысының әкімі «Қорықпаңыздар Солтүстік өңірлері аяз немесе алыс деп, бастысы құнарлы жер мен жұмыс орны көп. Сондай-ақ, Оңтүстік аймағы секілді қонақжай» деді. Яғни, бастысы ниет білдірген азаматтарға жұмыс бар, шаруашылығын жандандырып байып кетуге мүмкіндік мол екенін түсіндірді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жұмыс күші көп аймақтан, жұмыс күші аз мекендерге қоныс аудару керектігін айтты. Сондықтан Президенттің өзі көтерген бұл мәселеге сіз бен біз болып үлес қосу керек. Осы мәселені үш тарап бірлесіп талқылап, шекаралық аймақтарды сақтап қалуға шақырды.Сондай-ақ, «Серпін» бағдарламасымен де білім алып жатқан жастар бар. Соның көпшілігі Оңтүстік өлкесінен. Сол ізденушілер тек тегін білім алып ғана қоймайды, сол жерде жұмыспен қамтылады.
Жиында депутаттар да ұсыныс айтты. Мәселен, Түркістан облысы мәслиxатының депутаты Дулат Әбіш бұған дейін Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарына қоныс аударған жерлестердің жағдайымен танысқан болатын. Сондықтан ол аймақтың жағдайы мен ағайындардың тыныс-тіршілігінен жақсы xабардар. Сондықтан  xалық қалаулысы ұсыныс айтты. Ішкі саясат пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары жұмысты бірлесіп атқарып, күшейту керектігі туралы.
Жиын соңында Түркістан, Солтүстік облыстары мен Шымкент қаласының әкімдік қызметкерлері, депутаттар қазақ жерін бірлесіп қорғауға, сақтап қалуға және өркендетуге үлес қосуға шақырды.Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов жоғарғы оқу орнын аяқтап, Астанаға алғаш барғандағы қиындығымен бөлісті. Үйсіз, күйсіз Елордаға барып, басынан өткен көп қиындықтарды қалай жеңгенін мысалға келтірді. «Адам ешбір тосқаулыдан қорықпау керек. Оңтүстік өңірлерінде бәсекелестік басымырақ, ал Солтүстікте бәсекелестікке орын жоқ. Сондықтан өмірді өзгертіп көріңіздер. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысына да барып көріңіздер. Бастысы барлығыңызға денсаулық тілеймін, Алла бағымызға берген Елбасымыз аман болсын!» Мегаполистің әкімі жиынды осылай түйіндеді.
Бағлан Байкөбекқызы.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«ОТБАСЫ БАНК» ЖАҢА ОРТАЛЫҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

«ОТБАСЫ БАНК» ЖАҢА ОРТАЛЫҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Үй алу үшін неден бастау керек? Қалай ақша жинап, қандай бағдарламалар арқылы баспаналы болуға болады? Шымкентте осы сауалдарға жауап беретін...

ӨНІМДЕР КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

ӨНІМДЕР КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Өз өнімдерімізді танытуға зор мүмкіндік туды! Шаһарда отандық өндірушілердің басын қосқан «Шымкент өнімдері» көрмесі өтуде. Төрт күнге жалғасатын жәрмеңкеде жергілікті...

ҚАЙРАТЫ ҚАЙТПАҒАН ҚАРИЯЛАР

ҚАЙРАТЫ ҚАЙТПАҒАН ҚАРИЯЛАР

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Жас ұлғайса да, жігер мұқалмайды! Спортқа құштар қариялар бұл жолы сайыс алаңында бас қосты. Республика күніне орай Шаһарда ұйымдастырылған спартакиадада...

АНГАР ҮЛГІСІНДЕГІ ҚОС НЫСАН

АНГАР ҮЛГІСІНДЕГІ ҚОС НЫСАН

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шымкент қаласының Қайнарбұлақ және Нұрсәт шағынаудандарында ангар үлгісіндегі модульді екі спорт залдың құрылысы аяқталды. Жаңа нысандар бұқаралық спортпен шұғылдануға мүмкіндік...

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ — ҰРПАҚҚА АМАНАТ

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ — ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шаһарда Саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімін ұлықтаған мәдени кешеннің құрылғанына биыл 25 жыл. Осыған орай Тарих және Тағылым атты ғылыми-тәжірибелік конференция...

ҚАІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ҚАІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
04.11.2026
0

Шымкентте биылғы шомылу маусымы қорытындыланды. Қала аумағында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар профилактикалық жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде шомылу маусымы кезінде...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.