• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Бастауыш партия ұйымдарының республикалық Форумы өз жұмысын бастады

14.11.2018
0

Бүгін «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымдарының республикалық форумы өз жұмысын бастады. Алғаш рет өткізіліп отырған іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген 600-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық және аумақтық партия филиалдарының басшылары және белсенді партия мүшелері бар.

Одан бөлек, Форумға белгілі отандық және шетелдік сарапшылар, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары арнайы қатысып, партия жұмысын жандандыру мәселелерін жан-жақты талқылады Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасы бойынша соңғы айларда «Нұр Отан» партиясы өз қызметін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

Көптеген игі істер қолға алынып, жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Партия Төрағасы аталған жаңғыру жұмыстарының аясында бастауыш партия ұйымдарының да қызметін жандандырып, олардың іс-әрекетіне тың серпін беруді тапсырған болатын. Осыған орай бұған дейін Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында бастауыш ұйымдардың төрт бірдей аймақтық форумы өткізілді. Соның нәтижесінде бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру Тұжырымдамасы дайындалып, алдағы басым бағыттар анықталды. Республикалық Форум барысында аталған құжат жан-жақты талқыланып, партия мүшелерінің ой-пікірлері тыңдалды. Ауқымды жиынның басты мақсаты – бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктерін талқылау. Жиынның ашылуында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев барша қатысушыларға сәттілік тілеп, Форумның маңызына тоқталды. – Елбасы бізге партия қызметін жүйелі жаңғыртуды тапсырғанын білесіздер. Бастауыш партия ұйымдарының тиімділігін арттыру – сол жұмыстың басты бағыттарының бірі. Сондықтан соңғы айларда осы салада айтарлықтай жұмыстар атқарылып, Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында бастауыш ұйымдардың төрт бірдей аймақтық форумы өтті. Соның қорытындысы ретінде бүгін республикалық Форумда бас қосып отырмыз. Осындай игі бастамалар бастауыш партия ұйымдарының жұмысын заман талаптарына сай жетілдіріп, олардың тиімділігін арттыра түсетіні сөзсіз, – деді Мәулен Әшімбаев. Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары Форум барысында айтылған өзекті пікірлерді әр нұротандық тиімді пайдалану керектігіне назар аударды. – Бүгінгі іс-шараны спикерлердің монологы деп емес, тәжірибе алмасатын, өздеріңізді толғандырып жүрген сауалдарға жауап алатын, өз ұсыныстарыңыз бен ойларыңызды жеткізетін пікір алмасу алаңы ретінде қарастырған абзал. Сондықтан баршаңызды ашық және еркін диалогқа шақырамыз. Өйткені мұндай жиында жаңа әдіс-тәсілдер үйреніп, тәжірибе алмасып, жұмыс тиімділігін арттырудың жолдарын саралап, сараптауға мол мүмкіндік бар, – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар Форум жұмысына Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев қатысып, Елбасының 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөлісті. Жалпы бастауыш партия ұйымдары жергілікті жерлерде партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, халықпен және әр нұротандықпен етене жұмыс істейтін партиялық құрылым. Бүгінде партияның 6 мыңға жуық бастауыш ұйымы бар.

Соның ішінде 1000-нан астам мүшесі бар 104 ірі бастауыш ұйым тіркелген. Партия қызметін жаңғырту аясында жүргізілген сараптамалар нәтижесінде бастауыш ұйымдардың партия филиалдарымен және Орталық аппаратпен байланысы жүйелі жолға қойылмағаны, бастауыш ұйымдар деңгейінде жүзеге асырылатын нақты жобалардың болмауы, оларды қаржылай қолдаудың ретсіздігі және материалдық-техникалық жабдықталуының көңіл көңшітпейтіні сияқты бірқатар өзекті мәселелер анықталған. Осы түйткілдерді тиімді шешу жолдары жоғарыда аталған Тұжырымдамада айқын көрсетілген. Форум делегаттары аталған құжатты талқылау жұмыстарын панельді сессияларда кеңінен талқылады. Мәселен «Партияішілік менеджмент» сессиясында қатысушылар партия жұмысындағы заманауи технологиялар, соның ішінде ішкі бизнес үдерістерін автоматтандыру, Е-Аналитика жүйесін енгізу, жобалық тәсіл және бастауыш ұйымдардың өз жобаларын жүзеге асыру сияқты партия қызметін жандандыратын ұтымды тұстарды қарастырды. Осы мәселе жөнінде шетелдік сарапшы, Түркияның Әділет және даму партиясының Шығыс Анадолы өңіріндегі үйлестірушісі Махмұт Сами Маллы кеңінен сөз қозғап, шетелдік тәжірибеге тоқталды. Келесі сессияда қатысушылар партияның кадрлық резервін қалыптастырудағы жаңа әдіс-тәсілдерге назар аударды. Соның ішінде іріктеу талаптары мен механизмдері және резервке алынған партия мүшелерін әрі қарай оқытып, қызметте өсуін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Бұл сессияда Ресейдің «Единая Россия» партиясының департамент басшысы Николай Финько кадрлық резерв қалыптастырудың халықаралық тәжірибесіне назар аударды. «Тиімді коммуникация» деп аталған үшінші сессияда делегаттар партия жақтастарын ортақ мақсаттарға жұмылдыру, қоғамдық пікірлерге байланысты әрекет ету, қоғамдық күн тәртібін қалыптастыру сияқты партия жұмысындағы базалық міндеттерді жүзеге асыру кезіндегі заманауи коммуникацияның рөлі жайында пікір алмасты. Сондай-ақ қатысушылар украиналық саясаттанушы Всеволод Зелениннің пікірлерін тыңдап, өз сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар панельді сессия кезінде бастауыш ұйымдардың жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері де жан-жақты талқыланып, қатысушылар өзара байланыс, қаржыландыру, жергілікті жердегі мәселелерді дер кезінде анықтау сияқты бірқатар басымдықтар бойынша өз пікірлерін білдірді. Ал бұл жиында шетелдік тәжірибе жөнінде Ұлыбританияның саяси консалтинг бағытында қызмет көрсететін CSM компаниясының атқарушы директоры, Халықаралық саяси консультант қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Мерфи айтып берді.
nurotan.kz

Previous Post

Биылғы 9 айда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 21,9 пайызға өскен

Next Post

ФОТОРЕПОРТАЖ: Түркістанда өтіп жатқан «Терең тарихтан — жарқын болашаққа» атты республикалық пікірсайыс клубы

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.