ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА
Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...
Одан бөлек, Форумға белгілі отандық және шетелдік сарапшылар, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары арнайы қатысып, партия жұмысын жандандыру мәселелерін жан-жақты талқылады Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасы бойынша соңғы айларда «Нұр Отан» партиясы өз қызметін жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.
Көптеген игі істер қолға алынып, жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Партия Төрағасы аталған жаңғыру жұмыстарының аясында бастауыш партия ұйымдарының да қызметін жандандырып, олардың іс-әрекетіне тың серпін беруді тапсырған болатын.
Осыған орай бұған дейін Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында бастауыш ұйымдардың төрт бірдей аймақтық форумы өткізілді.
Соның нәтижесінде бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру Тұжырымдамасы дайындалып, алдағы басым бағыттар анықталды. Республикалық Форум барысында аталған құжат жан-жақты талқыланып, партия мүшелерінің ой-пікірлері тыңдалды. Ауқымды жиынның басты мақсаты – бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандырудың тиімді жолдары мен тетіктерін талқылау. Жиынның ашылуында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев барша қатысушыларға сәттілік тілеп, Форумның маңызына тоқталды. – Елбасы бізге партия қызметін жүйелі жаңғыртуды тапсырғанын білесіздер. Бастауыш партия ұйымдарының тиімділігін арттыру – сол жұмыстың басты бағыттарының бірі. Сондықтан соңғы айларда осы салада айтарлықтай жұмыстар атқарылып, Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында бастауыш ұйымдардың төрт бірдей аймақтық форумы өтті. Соның қорытындысы ретінде бүгін республикалық Форумда бас қосып отырмыз. Осындай игі бастамалар бастауыш партия ұйымдарының жұмысын заман талаптарына сай жетілдіріп, олардың тиімділігін арттыра түсетіні сөзсіз, – деді Мәулен Әшімбаев. Сондай-ақ партия Төрағасының Бірінші орынбасары Форум барысында айтылған өзекті пікірлерді әр нұротандық тиімді пайдалану керектігіне назар аударды. – Бүгінгі іс-шараны спикерлердің монологы деп емес, тәжірибе алмасатын, өздеріңізді толғандырып жүрген сауалдарға жауап алатын, өз ұсыныстарыңыз бен ойларыңызды жеткізетін пікір алмасу алаңы ретінде қарастырған абзал. Сондықтан баршаңызды ашық және еркін диалогқа шақырамыз. Өйткені мұндай жиында жаңа әдіс-тәсілдер үйреніп, тәжірибе алмасып, жұмыс тиімділігін арттырудың жолдарын саралап, сараптауға мол мүмкіндік бар, – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар Форум жұмысына Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев, Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, Білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев қатысып, Елбасының 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру шеңберінде бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөлісті. Жалпы бастауыш партия ұйымдары жергілікті жерлерде партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, халықпен және әр нұротандықпен етене жұмыс істейтін партиялық құрылым. Бүгінде партияның 6 мыңға жуық бастауыш ұйымы бар.
Соның ішінде 1000-нан астам мүшесі бар 104 ірі бастауыш ұйым тіркелген. Партия қызметін жаңғырту аясында жүргізілген сараптамалар нәтижесінде бастауыш ұйымдардың партия филиалдарымен және Орталық аппаратпен байланысы жүйелі жолға қойылмағаны, бастауыш ұйымдар деңгейінде жүзеге асырылатын нақты жобалардың болмауы, оларды қаржылай қолдаудың ретсіздігі және материалдық-техникалық жабдықталуының көңіл көңшітпейтіні сияқты бірқатар өзекті мәселелер анықталған. Осы түйткілдерді тиімді шешу жолдары жоғарыда аталған Тұжырымдамада айқын көрсетілген. Форум делегаттары аталған құжатты талқылау жұмыстарын панельді сессияларда кеңінен талқылады. Мәселен «Партияішілік менеджмент» сессиясында қатысушылар партия жұмысындағы заманауи технологиялар, соның ішінде ішкі бизнес үдерістерін автоматтандыру, Е-Аналитика жүйесін енгізу, жобалық тәсіл және бастауыш ұйымдардың өз жобаларын жүзеге асыру сияқты партия қызметін жандандыратын ұтымды тұстарды қарастырды. Осы мәселе жөнінде шетелдік сарапшы, Түркияның Әділет және даму партиясының Шығыс Анадолы өңіріндегі үйлестірушісі Махмұт Сами Маллы кеңінен сөз қозғап, шетелдік тәжірибеге тоқталды. Келесі сессияда қатысушылар партияның кадрлық резервін қалыптастырудағы жаңа әдіс-тәсілдерге назар аударды. Соның ішінде іріктеу талаптары мен механизмдері және резервке алынған партия мүшелерін әрі қарай оқытып, қызметте өсуін қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Бұл сессияда Ресейдің «Единая Россия» партиясының департамент басшысы Николай Финько кадрлық резерв қалыптастырудың халықаралық тәжірибесіне назар аударды. «Тиімді коммуникация» деп аталған үшінші сессияда делегаттар партия жақтастарын ортақ мақсаттарға жұмылдыру, қоғамдық пікірлерге байланысты әрекет ету, қоғамдық күн тәртібін қалыптастыру сияқты партия жұмысындағы базалық міндеттерді жүзеге асыру кезіндегі заманауи коммуникацияның рөлі жайында пікір алмасты. Сондай-ақ қатысушылар украиналық саясаттанушы Всеволод Зелениннің пікірлерін тыңдап, өз сауалдарына жауап алды. Сонымен қатар панельді сессия кезінде бастауыш ұйымдардың жұмыс тиімділігінің көрсеткіштері де жан-жақты талқыланып, қатысушылар өзара байланыс, қаржыландыру, жергілікті жердегі мәселелерді дер кезінде анықтау сияқты бірқатар басымдықтар бойынша өз пікірлерін білдірді. Ал бұл жиында шетелдік тәжірибе жөнінде Ұлыбританияның саяси консалтинг бағытында қызмет көрсететін CSM компаниясының атқарушы директоры, Халықаралық саяси консультант қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Мерфи айтып берді.Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...
Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...
Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....
Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...
Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...
Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.