Бірінші қарашадан бастап «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» заңға енгізілген «Қазақстан» сөзінің жазылуына қатысты өзгерістер күшіне енді, деп хабарлады үкіметтік басылым.
«2018 жылдың 12 қыркүйегінен бастап ҚР ИДМ техникалық реттеу және метреология комитетінің техникалық реттеу және метреология саласындағы ғылыми-техникалық комиссия шешімімен 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап елтаңбаны өзгерту мақұлданды», — делінген бейсенбідегі хабарда.
«…Жоғары бөлігінде көлемді бес жұлдыз орналасқан, төменгі жағында Qazaqstan жазуы бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтың, қанатты аттың, сондай-ақ Qazaqstan жазуының түсі – алтын түсті»,- делінген өзгеріс енгізілген Конституциялық заңда.
Өзгерістің енгізілуі қазақ тілінің латыншаға ауысуымен байланысты.
Хабарда атап өтілгендей, мемлекеттік елтаңбаға соңғы рет 2017 жылы өзгеріс енгізілген болатын.
ҚазТАГ.