• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

«7-20-25»: Пәтер алуға нұсқаулық

03.11.2018
0

Мамандар банк пен үй салушы компанияның арасында жүгіріп, уақытыңызды артық жұмсамауыңыз үшін құжат жинау мен рәсімдеу кезінде қандай жағдайларды ескеру керек екенін айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірінші пәтер, сосын банк

Ең бірінші қадам — пәтер таңдау, яғни ипотекаға баспана алғысы келген адам тұрғын үй кешеніне бірінші келіп, пәтер таңдайды. Құрылысшы бұл пәтерді 3 жұмыс күніне брондап қояды да, бұл уақытта клиент банкке барып, несиелеудің шарттарына лайық екенін анықтайды. Лайық болған жағдайда, ол құрылысшыға қайта барады.

«Пәтер таңдағаннан кейін құрылысшы құқық белгілеуші құжаттардың көшірмесін береді, бұлар: техникалық жоспар, баспананың құны мен ауданы жазылған құжат (бағалау қағазы)», — дейді «Ипотекалық компания» АҚ сыртқы коммуникация қызметі жетекшісінің орынбасары Айбар Олжаев.

Құқық белгілеуші құжат қатарына пәтердің техникалық паспорты, пәтердің қарызы жоқтығы жайлы анықтама, жер актісі, пайдалануға берілгені туралы акт жатады. Бұл құжаттар клиент пен үй салушының алдын ала сату-сатып алу келісімшартына қол қойған кезінде беріледі.

Бұл құжатқа қол қойылғаннан кейін және құқық белгілеуші құжаттар берілген соң клиент тәуелсіз бағалаушыны шақыртып, пәтер құнын есептетеді.

Үй салушы компаниялардың бірінің өкілдері баспананың келісімшартта көрсетілген бағамен сатылатынын айтты. Ал егер бағалаудан кейін пәтер құны төмен болса, бұл айырма соманы клиент өзі төлеуі тиіс. Яғни пәтер келісімшарт бойынша 15 миллион теңге тұрады делік, ал оны бағалаушы 14,7 миллион деп құнын көрсетті.

Бұл жағдайда банк 14,7 миллион теңге береді, қалған 300 мың теңгені клиент өз қалтасынан төлейді. Клиент бұған қарсы болса, келісімшарт үзіледі.

Ал бағалаудан кейін үйдің құны сәл қымбат болса, онда клиентке баға келісімшарттағыдай болып қалады. Менеджер іс жүзінде мұндай жағдайдың әлі болмағанын айтты.

«Бағалаудан өткеннен кейін клиент сату-сатып алу келісімшартын, құқық белгілеуші құжаттарын (көшірмесін) және бағалау қағазын алып, банкке ипотекалық несиелеуді қарастыруға өтініш білдіреді. Банк клиентке бұл заемды беруге келісім берсе, кепілхат дайындайды, мұны үй салушыға беру керек. Бұл хатта банктің заемды дәл осы пәтерді, осы мекенжайда алғашқы жарнаны есептегендегі сомамен алуға келісім бергені жазылады.

Осы хаттың негізінде сату-сатып алу келісімі жасалады, яғни пәтерді сатып алушының атына аударамыз. Осыдан кейін сатып алушы банкке барып, заем келісімшартын, кепіл келісімшартын толтырады, пәтерді кепілге қояды. Банк пәтерді кепілге алып, ақшаны үй салушының шотына аударады. Үй салушы қаражатты алғаннан кейін сатып алушыға пәтер кілтін табыстайды», — дейді үй салушы компанияның өкілі.

Қандай банкті таңдау керек?

Үй салушылар уақыт жоғалтпауы үшін клиенттерге жұмыс механизмі ретке келген және үй салушылардың қажетті құжаттары бар банктеріне баруға кеңес береді. Кейбір банктер қосымша құжаттар сұратып, бұдан клиент уақыт жоғалтуы мүмкін. «Үй салушы компания клиентті әріптестік орнатқан банкіне жіберуге толық құқылы. Банкке ол ешқандай да артық құжат беруге міндетті емес — бұл үй салушы мен сатып алушының арасындағы қатынас. Сатып алушы осы бағдарлама бойынша қандай да бір кедергісіз баспаналы болғысы келсе, ол құрылысшымен жақсы қарым-қатынас орнатуы тиіс. Осылайша құрылысшы белгілі бір банкпен әріптестікте болса және сатып алушыны белгілі бір банкке жіберсе — бұл құрылысшының құқы. Пәтер сатып алушы құрылысшының мұндай шарттарына келіспесе, ол басқа пәтер таңдай алады», — деп түсіндірді заңгер Вячеслав Сташков.

Бұл мәселе жайында «Баспанадағылар» құрылысшыларды заң бойынша бұлай міндеттей алмаса да, оларға жалпы бағдарламаға қатысушы барлық банкпен жұмыс істеу кеңес етілгенін айтып отыр.

Сондай-ақ, барлық құжатты жинап, тапсыру міндеті сатып алушыға жүктелетіні айтылып отыр, яғни құрылысшы мен банк қажетті құжаттармен өзара алмасады деп сеніп қалуға болмайды.

«Банк пен құрылыс компаниясының клиенттің қатысуынсыз байланысы қарастырылмаған. Банк несие бойынша шешімді заем алушының өткізген құжаттары бойынша шығарады. Заем бойынша оң шешім шыққан жағдайда банк сатушыға қаржыландыру шарттары бар кепілхат береді, бұл кепілхаттағы шарттар орындалған жағдайда сатып алушыға заем беріледі», — деп түсіндірді бағдарламаға қатысушы банктердің бірінің өкілі.

«7-20-25» бойынша пәтер алуға қажетті негізгі құжаттар:

1) еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты растайтын құжат, салық декларациясы. Оны мына құжаттармен растауға болады:

— БЖЗҚ-дан жеке зейнетақы шотының соңғы алты айдағы үзіндісі;

— жұмыс орнынан соңғы алты айдағы табысы жайлы анықтама;

— заем алушының жеке табыс салығы бойынша салық декларацияс;

— жеке тұлғадан соңғы салық кезеңі бойынша;

— заем алушының ипотекалық тұрғын үй заем келісімшарты бойынша банктің ішкі құжаттарына сәйкес міндеттерді орындай алатынына мүмкіндігі көрсетілген басқа да құжаттар;

2) кредит бюросынан жабылмаған тұрғын үй заемының жоқтығы туралы есеп;

3) ХҚКО-дан жылжымайтын мүлкі жоқтығы жайлы анықтама (атында баспанасы бар адам өтініш бере алмайды).

Мұнда бір ескеретін жағдай бар: жатақханада тұратын жағдайда (отбасының әр мүшесіне пайдалы 15 шаршы метрден аспайтын ауданы бар бөлме), сондай-ақ, қирайды деген қаупі бар апат жағдайындағы үй иесі болса және бұл деректі әкімдіктің растайтын құжаты болса өтінім қалдыруға болады.

4) жылжымайтын мүлік алуға құжаттар: техпаспорт көшірмесі, баспана сипатталған пәтер қағазы, тәуелсіз бағалаушының есебі. Бұл құжатты пәтер табылған соң құрылыс компаниясынан алады.

Банктер қосымша құжат сұратуы да мүмкін.

Previous Post

Қазақстанда мемлекеттік елтаңбаның жаңа нұсқасы енгізілді

Next Post

БҰҰ Бас ассамблеясында Қазақстан бастамасын 135 ел қолдады

Related Posts

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

НҰРҒИСА ӘДІЛЕТҰЛЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН КҮМІС ӘКЕЛДІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР

by Айғақ медиа
09.11.2026
0

Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

by Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.