• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қараша 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Астана әкімдігі өкілдерінің қызметтік көліктен бас тартуы бюджет шығынын азайтты

01.11.2018
0
Астана әкімдігі өкілдерінің қызметтік көліктен бас тартып, таксиге отырғаны бюджет шығынын айтарлықтай азайтты, деп хабарлады «Хабар 24» тілшісі.
Бір ғана қыркүйек айында шаһар қазынасынан тасымалға жұмсалатын қаржы көлемі 60 пайызға қысқарған. Осылайша елорданың экс-әкімі Әсет Исекешев бастаған, жаңа басшы Бақыт Сұлтанов қоштаған тың жоба өз тиімділігін дәлелдеп жатыр. Әкімдік өкілдерінің қымбат қызметтік көлікпен қоштасып, қарапайым таксиге отырғанына екі айдай уақыт өтті.
Әуелде «бұл қалай жүзеге асады» деген әңгіме қызу талқыға түскен болатын. Бірақ қазір әкімдік өкілдерінің такси шақырғанына қызметкерлердің өзі де, тұрғындардың көзі де үйренді. Таңданатын ештеңе жоқ. Қызмет әлемге белгілі жүйе негізінде жұмыс істейді екен. Яғни көлік қажет бола қалса, арнайы қосымшаны ашып, тұрған жерің мен баратын нүктеңізді белгілейсіз. Тапсырысты жақын маңда жүрген кез келген такси қабылдайды. Ең бастысы, оларды мақсатсыз, бей-берекет шақыруға жол берілмейді.
Мұрат Мұханбетов, қала активтерін қызметпен қамту бөлімінің басшысы:
— Жүйе толығымен автоматтандырылған. Біздің басқарма әрбір тапсырысты бақылап отырады. Таксиді кім шақырды? Қайдан шақырды және қайда барды, такси қанша уақыт күтті, барлығы жазылып отырады. Егер таксиді өз мүддесіне пайдаланылғаны туралы күдік туындаса, әкімдік аппаратына шағым жіберіп, ақ-қарасын анықтаймыз. Алғашқы екі айдың есебі бойынша, такси қызметіне аудан әкімдіктері мен сапаны бақылау басқармасының мамандары көп жүгінген. Ол түсінікті де. Өйткені бұл саладағы шаруаны бір орында отырып атқару мүмкін емес.
Дегенмен мамандар тағы бір тың әдіс енгізу арқылы шығынды азайтпақ ниетте. Мұрат Мұханбетов, қала активіне қызмет көрсету бөлімінің басшысы: — Қызметкерлердің әрі-бері қатынауын азайту мақсатында видео-конференциялар немесе басқа да тың тәсілдер енгізуге тырысып жатырмыз. Бизнесі оңтайландыру арқылы қызметкерлердің жолға кететін уақытын азайтпақпыз. Жоба сәтті жалғасын тапса, алдағы бес жылда шаһар қазынасынан 1 млрд теңге үнемделеді. Ол түрлі әлеуметтік жобаларға жұмсалмақ.
Ал әкімдікке тиесілі қымбат көліктер қайда кетті дейсіз бе? Әлеуметтік мекемелер, балабақша, арнаулы мектептер мен Ішкі істер департаментіне берілген.
Бірақ олардың да қуанышы ұзаққа созылмауы мүмкін. Шаһар басшылығы келесі жылдан бастап өзіне қарасты барлық ведомствоны такси қызметіне көшіруді жоспарлап отыр. Бұл жаңашылдықтың тағы бір тиімді тұсын айтайын. Таксилерге автобусқа арналған арнайы жолақпен жүруге рұқсат етілген. Яғни олар қаладағы кептеліс кезінде кезек күтіп уақыт жоғалпайды. Бұл дегеніңіз – әкімдік қызметкерлері жұмыс уақытын жолда емес, халыққа нәтижелі қызмет көрсетуге жұмсайды деген сөз.

Дереккөз: 24.kz

Previous Post

Еліміздегі ЖОО-ның рейтингі қайта қаралады

Next Post

Мәжіліс 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.