1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін:
| жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын: | ||
| Родин Дмитрий Олегович 
 | — | «Fokker-100» әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы 
 | 
| Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы | — | Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы — 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары. 
 | 
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 3 мамыр
№ 244
 
	    	









