• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 22, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жылаған ата бұлағы мен үңгірі — ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіш

24.07.2018
0

Қасиетті Қазақстан картасына енген Түркістан облысындағы Жылаған ата бұлағы мен үңгірі еліміздің ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткішінің қатарында. Жалпы Жылаған ата туралы не білеміз? Аңыздан тұратын әңгімеге қаншалықты сенуге болады? Бұл жағы беймәлім. Дегенмен, Құран аяттарын оқығанда ғана сарқырай ағатын бұлақтың көрінісіне «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы куә болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ерекше ықыласымен атаған Жылаған ата бұлағы мен үңгірі Қарт Қаратаудың күнгей бетінен теріскейге ойысар тұсында орын тепкен. Жету қиыры қиын таулы тасты мекеннен өз автокөлігіңізбен өту әрине, мүмкін емес. Түркістан қаласынан тұп-тура 87 шақырым қашықтықта жатқан қасиетті жерге тарихы өткен ғасырлардан сыр шертетін Қарнақ ауылы арқылы өтіп, Үкаша ата кесенесінен 40 шақырымды дәл Қаратаумен беттейсіз. Бастауын тау бөктерінен алатын Абай өзенін 20 шақты рет кесіп өтуге тура келеді. Асудан асар белдің қорқынышы бір бөлек.

Жолай, қырқа жоғарысында орналасқан құдық – Жылаған ата аңызымен байланысты орын. Сондықтан, алғашқы дәмді осу судан таттық.

Құдық маңында екі бірдей 5-7 ғасырларға тиесілі тас бетіне түскен бала табанының ізі жатыр.  Бағыт үңгірге қарай бет алады. Алғашқы 40 шақырымды артқа тастаған біздер ендігі үш шақырымды жаяу жүріп өтуіміз керек. Жалпы зиярат етіп келушілердің де жол қиындығына қарамай қатарын сейілтпеуі бұл мекеннің ішіне бүккен сырының құдіреттілігін әйгілей түскендей. Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық мұражайының директоры Нұрболат Ахметжанов пен археология бөлімінің меңгерушісі Бахытжан ағалар біздің жолсерік. Осынау қасиетті мекенге табан тіреу – «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобының негізгі мақсаты болса, рухани жаңғыру арқылы жалпы жұртқа таныстыру – басты міндет. Сайманымызды сайлаған соң, бір адам ғана сиятын жүргінші жолмен көрінісі көздің жауын алатын Қаратауды беттей жөнелдік.

http://aigak.kz/wp-content/uploads/2018/07/САЙТ-24.mp4

Сонадайдан көрінген қыбыр осында келушілердің көптігін білдіртті. Шырақшының үйі де бар мұнда.  Бұл жердің аңызы ерекше баланың жүрген орындарымен сипатталады. Бірақ, үңгір сарқырамасының құпиясын ешкім білмейді. Іштегі ниет пен тілектің қабыл болуын тілеген біздер алғашқы Құран оқылған сәтте аздап абдырап қалғанымыз жасырын емес. Өйткені, тастан құлаған суды көре алмадық. «Айғақ» телеарнасының бөлім редакторы Әділбай Тойшиевтің Құран аяттарын жалғастыра оқыған екінші сәтте жартастан сарқырай жөнелген судың кереметіне куә болдық. Бұл ғажайыптың қандай жаратылыс екендігі бір Аллаға мәлім. Қасиеті қонған бұл жерге жету үшін 7 сағат бойы жол жүрген біздердің тілегіміз қабыл болды деп қабылдадық. Өйткені, күні бойына ақпаған су алдымыздан арқырай жөнелді. Ол да 1,5 минуттан кейін сап тиылады. Сол аралықта бетіңізді суға бүркіп, дәмін алып үлгеруіңіз керек.

Жылаған ата бұлағы мен үңгірінің аңызын естіп, тарихын зерттемекке келген кеңестік кезеңнің археологтары  нақты нәтижеге қол жеткізе алмаған көрінеді. Су құрамынан күміс иондарының көптеп кездесуі бірқатар ауруларға ем болса, жартастың ішіне енбек болып, тәжірибе арқылы тасты жарып, жарылыс жасауды көксегендерге көз алдында қаптап кеткен жыландар мен буралардың көрінісі кедергі келтіріпті-мыс. Аңызда айтылған асатаяқ ұстаған ерекше бала жоғарыдағы үңгірдің ішіне еніп кетіп, қайта шықпаған. Ал, жартасты құлай ағатын қасиетті су әкенің көз жасы деп балайды.  Әрине, тылсым табиғаттың мұндай тартуы – туристерді көптеп тартуға мүмкіндік. Елбасы айтқандай, қасиеті қонған жеріміздің әрбір тасын түртсең тарих.

Тәжірибелі имамның Құран бағыштауымен айналасы 3 сағаттың ішінде 4 рет судың ағуының куәгері болдық. Кейде 1-2 күндеп ақпай қалуы да мүмкін дейді, көз көргендер.  Бойдағы ерік жігер қасиетті Құран аяттарынан қуат алып, көңілімізді нұрға бөлей түсті. Елімізде ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткішінің маңыздылығын аша түскен түсірілім көрерменге «Ғажайып Түркістан облысы» бағдарламасы арқылы толыққанды жеткізілетін болады. Әлеуметтік желі қолданушысы блогер Абай Андабаев Елбасы үлкен жиында ерекше атаған қасиетті мекеннің бұл кереметін барша әлемге паш етуіміз тиіс деп біледі.

Геологиялық тұрғыдан қарасақ, қарт Қаратаудың бауыры химиялық элементтерге бай. Кеңестік кезеңде мұнда, болат та, қорғасын да, мырыш та, алтын да өндірілді. Бүгінгі күнде «Қазфосфат» өнімін алатын фосфордың көзі. Жылаған ата бұлағы мен үңгірін ұлылармен байланыстырсақ, жазушы Мұхтар Әуезовтің бабаларының құт мекені болған жер. Өйткені, арғы атасы Әуез әулеті Қарнақта тұрып, осы мекенді жаз жайлауы еткен. Рухани жаңғырумен бойымызға тараған ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында бір күнімізді осынау қасиеті қонған өлкеге арнадық. Сондықтан, жалқаулық мен менмендікті алдыңыздан ада етсеңіз, осынау игіліктер бойыңызға рухани азық болып жайылары сөзсіз.

Салтанат Тойболова.

Бөлісу76TweetPin

Ұқсас жазбалар

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚ АУДАНЫНА ШУ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ 1,5 МЛРД ТЕКШЕ МЕТРДЕН АСТАМ СУ ЖІБЕРІЛДІ

Айғақ медиа
16.06.2025
0

  Су Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасынан жіберілді. Бұл жұмыс табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберу шаралары аясында былтыр қыркүйектен басталып,...

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.