Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Қазығұрт ауданында болды. Мұнда әкім аудан экономикасының күре тамырына қан жүгіртіп отырған ауыл шаруашылығы саласынының тынысымен танысты. Ораққа ілінетін астықтың биылғы мөлшерін пайымдап, дихандармен пікірлесті.
Суреттте: «Айқожа» өндірістік кооперативінің төрағасы мен Түркістан облысының әкімі.
Қазығұрт-ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдыңғы шептегі аграрлы аймақ. Мәселен, астық өндіруден жыл сайын олжалы орынды бермейді. Қамбасы толып, Қазығұрттың көшбасынан көрінуіне «Айқожа» өндірістік кооперативінің үлесі мол ауданда. Екі жарым мың гектардан өткен жылы жиналған өнім 2700 тонна бидай, 320 тонна мақсары мен 450 тонна арпа.
Түркістан облысында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 849 мың гектарды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23 мың гектарға артық дейді облыс әкімі. Дегенмен, арқаны кеңге салуға ерте деген, Түймебаев түйіні тарқатылуы тиіс мәселелерді шаруалармен бірлесе отырып шешуге шақырды.
Суретте: Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев.
Шаруалар биылғы түсімнің бағасына болжам жасауға жүрексініп отыр. Қуаңшылықтың әсері ораққа ілігетін астықты азайтуы ықтимал себебі. Кооператив басшысы тек тамызда ғана тілге тиек етуге болады дейді, бидай бағасын. Ауыл шаруашылығы мамандары жалпы өңір майлы дақылдарды егуге бет бұрса жөн деп санайды. Бұл дақыл тек гектарына түсімділікті арттырып қана қоймайды. Нарықтағы құны да бидайдан 6-7 есеге артық көрінеді. Биыл көктемгі дала жұмыстарына Түркістан облысында 37 мың тонна жанар-жағар май қарастырылыпты. Бүгінгі таңда оның 90 пайызы тауар өндірушілерге үлестірілген. Сондықтан статистикалық цифрларды алға тартқан жауапты басқарма, диханшылардың алаңдаушылығына негіз жоқ деп отыр.
Түркістан облысының әкімі мұнан соң Қақпақ ауылындағы Қарқын ЖШС-де болды. 2009 жыл құрылған кәсіпорын ірі қара малды бордақылаумен бірге шұжық өндірумен айналысады. Тәулігіне цехта 1, 5 тоннадан аса шұжықтың 70 түрі шығарылады екен.
Қазір мұнда маусымдық жұмысшылар саны 50, олардың орташа жалақысы 100 мың теңгеден асады. Өткен жылғы кәсіпорын табысы 2 млрд, 955 млрд.теңгені құраған. Қазақстанның ішкі өнім сұранысын орындап қана қоймай, отандық шұжық бүгінде Ресейге экспортталуда.
Суретте: Түркістан облысының әкімі «Қарқын» ЖШС-де.
Ал Қақпақтағы Ыбраиым қажы шаруа қожалығы мал азығын даярлауда ерекше әдісті пайдаланады. Нақтырақ айтсақ, аталған қожалық малдың шөбін сатып алмайды, өздері дайындап шығарады. Қожалық егесі бұл әдісті Жапония-Израйиль елдерінен көріп, үйренгендігін айтады.
Суретте: Түркістан облысының әкімі «Ыбраиым қажы» шаруа қожалығында.
Тәулігіне қожалықта екі тонна гидропон шығарылады екен. Ал, әр қара басқа қаралған күндік азық- он келідей. Гидропонның кәдімгі шөптен айырмашылығы, ерекше экологиялық құнарлығында дейді мамандар.
Жансейіт Түймебаев Қазығұрттағы іс-сапарын Қызылқия ауыл округінде тәмәмдады. Мұнда облыс басшысы қарқынды баумен айналысатын Амангелді ЖШС –нің тынысымен танысты. Арнайы тамшылатып суғару әдісімен егілген бау көлемі -622 гектар. Оның 530 гектарында алма сорттары.
Суретте: Түркістан облысының әкімі «Амангелді» ЖШС-де.