• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Маусым 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Агро

Ауыл шаруашылығы саласы сараланды

05.07.2018
0

Жансейіт Түймебаев іс-сапармен Қазығұрт ауданында болды. Мұнда әкім аудан экономикасының күре тамырына қан жүгіртіп отырған ауыл шаруашылығы саласынының тынысымен танысты. Ораққа ілінетін астықтың биылғы мөлшерін  пайымдап,  дихандармен пікірлесті.

6Суреттте: «Айқожа» өндірістік кооперативінің төрағасы мен Түркістан облысының әкімі.

Қазығұрт-ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдыңғы шептегі аграрлы аймақ. Мәселен, астық өндіруден жыл сайын  олжалы орынды бермейді. Қамбасы толып, Қазығұрттың  көшбасынан көрінуіне «Айқожа» өндірістік кооперативінің үлесі мол ауданда. Екі жарым мың гектардан өткен жылы жиналған өнім 2700 тонна бидай, 320 тонна мақсары мен 450 тонна арпа.

3

Түркістан облысында ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының  егістік көлемі 849 мың гектарды құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23 мың гектарға артық дейді облыс әкімі. Дегенмен, арқаны кеңге салуға ерте деген, Түймебаев түйіні тарқатылуы  тиіс мәселелерді шаруалармен бірлесе отырып шешуге шақырды.

01-gСуретте: Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев.

Шаруалар биылғы түсімнің бағасына болжам жасауға жүрексініп отыр. Қуаңшылықтың әсері ораққа ілігетін астықты азайтуы ықтимал себебі. Кооператив басшысы тек тамызда ғана тілге тиек етуге болады дейді, бидай бағасын. Ауыл шаруашылығы мамандары жалпы өңір  майлы дақылдарды егуге бет бұрса жөн деп санайды. Бұл дақыл тек гектарына түсімділікті арттырып қана қоймайды. Нарықтағы құны да бидайдан 6-7 есеге артық көрінеді. Биыл көктемгі дала жұмыстарына Түркістан облысында 37 мың тонна жанар-жағар май қарастырылыпты. Бүгінгі таңда оның 90 пайызы тауар өндірушілерге үлестірілген. Сондықтан статистикалық цифрларды алға  тартқан  жауапты басқарма,  диханшылардың алаңдаушылығына негіз жоқ деп отыр.

2

Түркістан облысының әкімі мұнан соң Қақпақ ауылындағы Қарқын  ЖШС-де болды. 2009 жыл құрылған кәсіпорын  ірі қара малды бордақылаумен бірге шұжық өндірумен айналысады. Тәулігіне цехта 1, 5 тоннадан аса шұжықтың 70 түрі шығарылады екен.

20

21

Қазір мұнда маусымдық жұмысшылар саны 50, олардың орташа жалақысы 100 мың теңгеден асады. Өткен жылғы кәсіпорын табысы 2 млрд, 955 млрд.теңгені құраған. Қазақстанның ішкі өнім сұранысын орындап қана қоймай, отандық шұжық  бүгінде Ресейге экспортталуда.

5Суретте: Түркістан облысының әкімі «Қарқын» ЖШС-де.

4

Ал Қақпақтағы  Ыбраиым қажы шаруа қожалығы мал азығын даярлауда ерекше әдісті  пайдаланады. Нақтырақ айтсақ,  аталған қожалық малдың шөбін сатып алмайды, өздері  дайындап шығарады. Қожалық егесі бұл әдісті Жапония-Израйиль елдерінен көріп, үйренгендігін айтады.

7

Суретте: Түркістан облысының әкімі «Ыбраиым қажы» шаруа қожалығында.8

Тәулігіне қожалықта екі тонна гидропон шығарылады екен. Ал, әр қара басқа қаралған күндік азық- он келідей. Гидропонның кәдімгі шөптен айырмашылығы, ерекше экологиялық құнарлығында дейді мамандар.

10

Жансейіт Түймебаев  Қазығұрттағы іс-сапарын  Қызылқия ауыл округінде тәмәмдады. Мұнда облыс басшысы қарқынды баумен айналысатын Амангелді ЖШС –нің тынысымен танысты. Арнайы тамшылатып суғару әдісімен егілген бау көлемі -622 гектар.  Оның 530 гектарында алма сорттары.

12

Суретте: Түркістан облысының әкімі «Амангелді» ЖШС-де.

15

Айта кету керек, Қазығұрт ауданы интенсивті бау көлемін 242 гектарға жеткізген бірден бір аудан. Үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 8 гектармен тағы толықпақ. Қазығұрттың  сан саладағы тындырымды тірліктері ауыз толтырарлық деген Түймебаев, аудан әкімі Телғараевтың жұмысын оң бағалады.

11

13

Ия, аймақтың әлеуеті ең алдымен ауыл шаруашылығы саласының  дамуына байланысты екені сөзсіз. Бұл орайда Приездент еліміз әлемдік азық түлік нарығының көшбасшысы болу үшін егістік алаңын ұлғайтып, жаңа технологиялар есебінен малға қажетті жем шөп базасын құру сынды  тапсырмаларды жүктегенді. Елбасы үдесінен шығып жатқан Қазығұрттағы бүгінгі тірлік соның айғағы! Түркістан облысының әкімі  іс-сапар соңында қарқынды баудың жаздық жиым терімін  бірінші болып бастап берді.

16

Гүлжан НҰРЛАНҚЫЗЫ.

Бөлісу5TweetPin

Ұқсас жазбалар

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.