• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Қазақстан мен Өзбекстанның 2 облысы бауырлас аймақтар атанды

18.04.2018
0

Өзбекстанға Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың ресми сапарының нәтижесінде Әндіжан облысымен арадағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осылайша, қарым-қатынастың маңызды бөлігіне қадам басқан екі облыс бауырлас-аймақтар деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Экономикасы негізінен өндірістік бағытта дамып отырған Әндіжан облысындағы бір ғана «GM-Uzbekistan» зауыты жылына 250 мыңнан астам автокөлік шығарады екен. Одан бөлек, аталған өңірде жеңіл өнеркәсіптің дамуына да баса көңіл бөлінген. Облыстың Ходжаабад ауданында 145 текстиль және тігін фабрикасы жұмыс істесе, агроөндірістік кешенінен жыл сайын 3 миллион тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек алынады. Облыс әкімдерінің екіжақты кездесуінде сөз алған Амандық Баталов туыстас екі мемлекет Президенттерінің Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әріптестіктің дамуына жаңаша серпін бергенін атап өтті.

«Екі елдің тығыз қарым-қатынас орнатуы ең алдымен Президенттеріміздің қажырлы қызметінің жемісі деп білемін. Соның арқасында шекара кеңінен ашылып, тауар айналымы ұлғайды. Осыған орай біз өз тарапымыздан барлық саладағы ынтымақтастық шарттарын ұсына аламыз. Оның қатарына «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» транзиттік дәлізі арқылы тауарларыңыздың молынан өтуін және жұмыс істеп тұрған өндірістік аймақтарда өндіріс орындарын ашудың мүмкіндігін жатқыза аламыз. Яғни, экономикалық байланысты нығайтуға мүмкіндік беретін барлық бірлескен жобаларды қолдауға дайынбыз» деді Амандық Баталов.

Өз кезегінде Әндіжан облысының әкімі Шухратбек Абдурахманов Батыс пен Шығысты байланыстырған Алматы облысының транспорт-логистикалық әлеуетіне баса назар аударып, тауар тасымалдауға қажетті мүмкіндік туралы сөз қозғады.

«Қазақстан арқылы ертедегі Ұлы Жібек жолының бойымен өтетін транспорттық дәліз біздің тауарларымыздың Азия мен Еуропа елдеріне жетуіне мүмкіндік береді. Біз осы бағыт бойынша және басқа да салаларға байланысты ынтымақтастық орнатуға дайынбыз», — деді Әндіжан облысының әкімі.

Тараптар келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастық пен әріптестікті нығайтуға уағдаласты. Осыған орай облыс әкімі Амандық Баталов алдағы уақытта Талдықорған қаласының бір көшесіне «Әндіжан» атауының беріліп, Бабыр ханның ескерткіші орнатылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Әндіжан облысының әкімі Алматы облысына арнайы қонаққа шақырған Амандық Баталовтың ұсынысын қабыл алды.

Previous Post

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН «АЙҒАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ЖАҢА САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Next Post

ҚР Энергетика министрлігі: Жанармай тапшылығы болмайды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.