Елімізде жанар-жағармай тапшылығы болмайды. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрінің бірінші орынбасары хабарлады, деп хабарлады 24.kz.
Оның айтуынша, елімізде мұнай өнімдерінің бағасы тұрақты. Көктемгі науқандық жұмыстар кезінде диқандар жанармайдан да, дизель отынынан да мұқтаждық көрмейді. Ішкі нарықты қаматамасыз ету мақсатында 324 мың тонна бензин мен 334 мың тонна дизель отынының қоры жасақталды. Айта кетейік, осы жылдың алғашқы тоқсанында еліміздегі үш мұнай өңдеу зауытындағы мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3 млн тоннаға жуықтаған. Қазір дизель отыны кестеге сай тасымалданып жатыр.
Махамбет Досмұхамбетов, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:
— Наурыз айына жоспарланған 109 мың тонна дизель отыны жөнелтілді және сәуір айына жоспарланған 134 мың тоннаның бүгінгі күні жоспарланған 25 мың тоннасы жөнелтілді. Орындамау себептері вагондық емес, норма төлемдерін кешіктіру, жолда келе жатқан немесе жүктеу сатысындағы көлемдерге байланысты. Жалпы ауыл шаруашылығының тапсырмасына сәйкес дизель отыны толық көлемде орындалды.