Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Назарбаев Н. Ә «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы: «Төртінші билік»: цензурасыз және шектеусіз БАҚ
    Жаңалықтар

    Назарбаев Н. Ә «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы: «Төртінші билік»: цензурасыз және шектеусіз БАҚ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа11.04.2018Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Тәуесіздікке қол жеткізу мен қоғамның демократиялануы бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына айтарлықтай әсер етті. Егер 1990 жылы елімізде 500-ге жуық БАҚ тіркелсе, 1992 жылы олардың саны екі есе өсті.

    Теледидар эфирінде оған дейін күніне небәрі бірнеше сағат хабар тарататын «Қазақстан» арнасы орталық мәртебеге ие болды. Енді ол елдің бүкіл аумағын қамтып, толыққанды хабарлар тарата бастады. 1995 жылы қысқы мерзімде өз аудиториясын жинай алған «Хабар» мемлекеттік телеарнасы жұмыс істей бастады. «Егемен Қазақстан» мен «Казакстанская правда» беделді күнделікті газеттер ретінде бұрынғысынша Қазақстандықтар үшін сенімді ақпарат көзі болды. Оларда елдегі өмір туралы журналистік материалдармен қоса заңдар, жарлықтар, ресми хроника жарияланып тұрады. Дәл осы кезде «Караван», «Новое покаление», «Экспресс К», «КТК», «31 канал», «Таң» сияқты жеке басылымдар мен телеарналар танымалдыққа ие болды.

    1990-жылдары бірінші жартысында баламалы ақпарат көздерінің пайда болуы, әлбетте, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етті. Журналистер заң бұзушылықтарға жедел түрде көңіл қоя, әртүрлі себептермен қоғам мен мемлекеттің тиісті дәрежеде назарын аудара алмаған мәселелерді қаузады. Дегенмен бұл процесте «ақпараттық соғыс» түріндегі елеулі кінәрәттар да болды: ірі кәсіпкерлерге тиесілі газаттер мен телеарналар өз қожайындарының мүддесін қорғады және ішінде этностық тұрғыда жол беруге болмайтындары да бар кез келген тәсілмен бәсекелестеріне қара күйе жағатын.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.