Наурыз мерекесіне орай Конгресс орталықта ұйымдастырылған мерекелік шараға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарт агенттігі.
Сонымен қатар, мерекелік шараға Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев те келді.
ЭКСПО қалашығындағы Конгресс-орталықта қазақстандық «Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел» мюзиклі көрсетіледі. Шараға жас таланттар, опера, балет, театры сынды сахна өнеріндегі жаңа тұлғалар тартылған. Мюзикл барысында симфониялық оркестр әлемдік классикалық музыка, қазақстандық композиторлардың белгілі композицияларын орындайды.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы ЭКСПО көрмесінің аумағында алғаш рет Наурыз мейрамы тойланады.