• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Наурыз мейрамы: 93 жастағы кейуана көжені дәмді етіп әзірлеудің құпиясын айтты

21.03.2018
0

Астанада 93 жастағы кейуана наурыз көжені дәмді етіп әзірлеудің құпиясын айтты, деп жазды astana.gov.kz.

Наурыз — жыл басы, айналаның жаңару тұсы. Бұл кезде табиғат ұйқысынан оянып, үйдегі тіршілікке жан бітеді. Көктемгі мерекені жеті түрлі тағамнан әзірленетін көжесіз елестету мүмкін емес.

Астана қаласы әкімдігінің қызметкерлері 93 жасар әжей дайындаған мерекелік сусынның дәмін татып, оның көне де ерекше құрамын біліп қайтты.

Әйнеш апаның шаңырағында Наурыз мерекесін ерекше қастерлейді. 93 жасар қарияның балалары, немерелері мен шөберелері ақ жаулықты анасын ортаға алып, Ұлыстың ұлы күнін барлығы бірге қарсы алуға тырысады.

05

Жылда осы күні қарт ана таң атысымен ерте тұрып, Наурыз көжені әзірлейді екен. Ол қонақтарының келген уақытында сусынның дайын болуының қамын жасайды. Сол себепті бұл іске ешкімді араластырмайды да.

«Біз кішкентайымыздан әжелеріміздің жанында жүріп, осы сусынды қалай пісірілетінін көріп жүрдік. Әйелдердің әрқайсысы Наурыз көжені әртүрлі дайындайды ғой. Мысалы, мен көже қышқыл болсын деп еттің сорпасына құртты езіп қосамын. Сонда құрттың тұзы да сорпаға жақсы сіңіп, көже татымды бола түседі. Кезінде менің анам осылай істейтін. Кейбір келіншектер сорпаға құртты емес, айранды қосады», — деп бөлісті Әйнеш Самтықова.

 

06

«Кезінде Наурыз көжені далада тайқазанға пісіретінбіз. Көже дайын болған соң, оны жиырма-отыз шақты адам бірнеше кеселеп ішетін еді. Бастысы, ет піскенге дейін оны ұзақ қайнату керек. Сүрленген ет болса, тіпті жақсы», – деді әжей көжені кесеге сапыра құйып.

071

Ол Наурыз көжені ыдысқа толтырып құйып берілетінін айтты. Бұл — «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» деген белгіні білдіреді. «Сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады», – деді Әйнеш апа.

08

Наурыз көже әрбір үйде келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде дастарханға өзге де ұлттық тағамдармен қоса міндетті түрде қойылады. Самтыковтардың ішетін Наурыз көжесі өзгеше, әрине. Қарт ананы құрмет тұтатын отбасы үлкен дастархан басында жиналып, әңгімеге дүкен құрады, хал сұрасады, қуаныштарымен бөліседі. Осы жанұяның бірлігі өзгелерге үлгі болғай.

Previous Post

ОҚО-да халық денсаулығын жақсарту мақсатында форум өтті

Next Post

Астанада Президенттің қатысуымен мерекелік шара басталды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.