Оңтүстіктегі жер қоры Республикадағы жердің 4,3 %-ын құрайды екен. 2017 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлер 2015 жылмен салыстырғанда 45,5 мың гектарға ал, 2016-да 29,4 мың гектарға артқан. Бүгін бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов мәлім етті. Оның айтуынша, 11 индустриалдық аймақтарда құны 165,4 млрд. теңгені құрайтын, 172 инвестициялық жоба іске асырылып, 10 мың адам жұмыспен қамтылған. Ал, суармалы жерледі ұлғайту мақсатындада бірқатар жұмыстар атқарылған. Жер қатынастары басқармасы және жер кадастры мекемесінің өкілдері тиісті аудан қала әкімдерімен бірлесіп Сырдария, Арыс өзендері мен Бөген су қоймасын игеру мәселесі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілген.
Аяжан ДӘУЛЕТБАЙ