• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлты – өзбек, жаны – қазақ

16.01.2018
0

Беу, дүние жалған-ай… Күні кеше Алла Тағала аманатқа берген аз өмірдің кезекті бір белесіне көтеріліп, өзімді-өзім жұбатып, дос, туысты қуантып отырған тағдырымның шуақты бір сәтінде жарқыраған күннің көзін басқан қарашұбар бұлттай болып Ташкент шаһарынан денені мұздатып,  жүректі  сыздатқан қайғылы хабар жетті. Насыр аға Фазыловтың ұлы Хандемей  әкесінің дүниеден озғанын хабарлады.

Сол сәт көз алдыма көркемсөздің көрнекті шебері, Өзбекстан Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, Қазақстан Президентінің «Бей­бітшілік пен руханият» сыйлығының ие­гері Насыр Фазыловтың жұмсақ жым­иып күлімсіреп тұратын сүйкімді бейнесі елес­теді. Ойыма өнегемен өрілген өмір жолы орал­ды.
Көзі тірісінде-ақ өзі абызға, аты аңызға ай­нал­ған ұлты – өзбек, жаны – қазақ Насыр Фа­зылов екі елдің – өзбек пен қазақтың ортақ мақ­танышы еді. Ол М.Әуезовтің «Абай жо­лы» эпопеясын, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсі­репов­тің шығармаларын өзбек тіліне шебер аударды. «Ақ аруанымды» да өзбекше сөйлетті. Қа­зақ­станда өткен мерекелер мен атақты мерей­тойлардың бәріне де қатынасты.
Туысқан екі халық арасында алтын көпір бол­ған Насыр Фазыловтың Сәбит Мұқановпен дос­тығы, Сәбең өмірден озғанда досы Ғафу ғұлам­аның қабірінен бір дорба топырақ әкеліп, ұлы жазушының қабіріне салғаны аңызға ай­налған ұлағатты әңгіме болып еді.
Өткен жылы Ташкентте өзбек тілінде шық­қан бір томдық шығармаларымның тұсау­кесер кешінде 90 жастағы Насыр Фазылов: «О, ме­нің өзбектерім, қазақ бауырларымызды құр­меттеңдер! Өзбекке қазақтан жақын туыс, дос жоқ. Ұлы халық – қазақпен жолдас бол­саң жол­да қалмайсын!» деп тебірене сөй­леп, терең мағы­налы да аталы сөз айтып еді.
Қош бол, қоштасуға қимайтын аяулы асыл аға!
Жаныңыз жаннатта болсын!

Сәбит ДОСАНОВ,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

P.S.  Насыр Фазылов (1929 ж. т., Түркістан ауданы) – жазушы. Қазақстан Республикасы Президентінің «Бейбітшілік және рухани келісім» сыйлығының, Халықаралық «Алаш», «Ел құрметі» сыйлықтарының лауреаты.  Алғашқы кітабы 1959 ж. жарық көрді. «Ағыстар», «Робинзондар», «Құс қанатымен», «Қархат», «Көркем иірімдері», «Дидар», «Бір-ақ атар тәпенше», т.б. кітаптары бар. «Ұстаздың аясында» атты кітабы үшін Өзбекстан Мемлекеттік сыйлығын алған. Аудармамен көп шұғылданған. Қазақ жазушыларының отыздан астам кітабын өзбек тіліне аударды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КӘСІПКЕ ҚАНАТ БІТІРГЕН ҚАРЖЫ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Кәсіп бастауға ниетті жандар үшін жағымды жаңалық. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін екінші деңгейлі банктерден 12,6 пайыздық мөлшерлемемен 200...

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

КРЕАТИВТЕН – КӘСІПКЕ

Айғақ медиа
10.10.2026
0

Шығармашылық идеядан басталады. Ал сол идеяны табыс әкелетін жобаға айналдыру үшін білім мен дұрыс бағыт қажет. Шымкентте осы мақсатты көздейтін...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.