Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, «ЕвроРемонтСервис» ЖШС директоры Ағабек Жаңабай Молдабайұлы дүниеге келген.
Жаңабай Молдабайұлы «Құрмет» Орденінің иегері. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдары, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері комитетінің Құрмет грамотасы, Қорғаныс министрлігінің Құрмет грамотасы, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған.