• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

2017 жылы Қазақстан экономикасы өсімнің жаңа қарқынына шықты — Тимур Сүлейменов

13.01.2018
0

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан экономикасының 2017 жылғы басты қорытындысы ел экономикасының жоғары қарқынмен дамуға ауысып, қалпына келтіру үдерістерін жандандыру болды, деп атап өтті Тимур Сүлейменов. 2017 жылдың алдын-ала қорытындысына сәйкес ЖІӨ өсімі 4% құрады.

Өсімнің негізгі қозғаушы күштері сауда секторларында өндірісті кеңейту, инвестициялық белсенділікті арттыру және ішкі сұраныстың біртіндеп қалпына келуі болды. Оң сыртқы жағдайлардың факторлары ретінде мұнай мен металдарға жоғары баға конъюнктурасын, сондай-ақ негізгі сауда серіктестерінің — ЕО, Ресей және Қытай мемлекеттеріндегі экономикалық жағдайдың жақсаруын айтуға болады. 11 айдың қорытындысы бойынша Ресейге экспорттау 33% -ға өсті, ЕО-ға – 31%, Қытайға — 34,9% өсті.

Өндіруші салалардың қарқынды өсуіне қарамастан, ЖІӨ-нің өсу көздері экономиканың шикізаттық емес сегментінде шоғырланған. Осылайша, ЖІӨ-нің 4% өсімінде шикізаттық емес сектордың үлесі 60%-ды құрады. Тұтастай алғанда, нақты секторда экономиканың барлық салаларында өндірістің синхрондық өсімі белгіленген.

Ең жоғарғы өсім өнеркәсіпте 7,1% деңгейінде, көлік саласында — 4,8%, байланыс — 3,3% және саудада — 3,2% байқалды. Мұнай өндіру көлемінің өсуі есебінен тау-кен өнеркәсібінде озық көрсеткіштер белгіленді.

Өңдеу өнеркәсібі 5,1 пайыздық өсім деңгейін көрсетеді, бұл негізінен Индустрияландыру картасындағы жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылуда.

2017 жылдың қаңтар-қараша айларында ИИДМБ арқылы 850 млрд теңгеге 62 жоба енгізілді және 5,5 мың жұмыс орны ашылды.

Министр фармацевтика саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, оның өнімі 41,8%-ға өсті. Жеңіл өнеркәсіп 9 инвестициялық жобаны іске қосуға және жүйе құрушы компаниялардың қазақстандық қамтуының ұлғаюына байланысты өндірісті 7,3%-ға арттырды.

«Экспо-2017» көрмесін өткізу ішкі нарықта сұранысты арттырып, бөлшек сауда сегменттерінде, мейрамхана, қонақ үй бизнесі және бүкіл қызмет көрсету салаларында ШОБ мүмкіндіктерін кеңейте отырып, елімізге көптеген туристерді тартты.

2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,5%-ға артты. 2017 жылдың 11 айында инвестициялардың негізгі өсімі ауыл шаруашылығына бағытталды, онда өсім 29,3%-ды құрады, сауда – 21,8%, құрылыс – 11,8%, байланыс – 9,5% және өнеркәсіп – 3,8% болды.

2017 жылдың 9 айында Қазақстан $15,7 млрд астам тікелей шетелдік инвестицияларды тартты, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға жоғары көрсеткіш.

Жалпы алғанда, елдің сыртқы сауда айналымы 25,1%-ға артып, $69,5 млрд-қа жетті.

«Экономиканың тұрақты өсімі әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруымен қатар жүрді. Мәселен, есепті кезеңнің 9 айы ішінде жалдамалы жұмысшылар саны 53,1 мың адамға артып, 1 қазандағы жағдай бойынша 6,4 млн адамды құрады. Бұл жұмыссыздықты төменгі 5,0% деңгейінде ұстауға мүмкіндік берді», — деп қорытындылады Т. Сүлейменов.

Ұлттық Банктің басқарма төрағасы Данияр Ақышев банк саласындағы жылдың алдын ала қорытындысын жариялады.

2017 жылға арналған республикалық бюджет орындалуының алдын-ала қорытындылары туралы қаржы министрі Б. Сұлтанов баяндады.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қорытындылай келе, алдын-ала мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Мемлекет басшысының елдің экономикалық өсімін 4% қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы орындалғанын атап өтті. Салалық министрліктер мен өңірлер өз көрсеткіштері бойынша экономикалық өсімді қамтамасыз етті. Бұндай көрсеткіштерге Үкіметтің және әкімдіктердің ұйымдастып атқарған жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.