2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап идеологиясы өзгерген, ынталандыру және әкімшілендіруді жеңілдетуге көзделген жаңа Салық кодексі күшіне енді.
Жаңа кодекс бойынша мемлекеттік кірістер органдары тарапынан бақылау жұмыстары барынша азайтылып, салық төлеушілердің міндеттемелерін өз еріктерінше орындауына бағытталған шаралар қабылданды. Ондағы басты мақсат адал салық төлеушілердің мүддесін қорғау.
Салық кодексіндегі негізгі енгізілген өзгерістерге ОҚО бойынша МКД-нің Түсіндіру жұмысы басқармасы басшысының м.а. А.Райымқұловтың түсіндірмесін назарларыңызға ұсынамыз.
2018 жылдан бастап, барлық салық төлеушілер моделі мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдануға тиісті болады (167 бап). Бұл талап тек жеке тұлғалар, адвокаттар мен медиаторлар, қоғамдық көлікте тасымалдаумен айналысатын, ҚР Ұлттық Банкінің және қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан, екінші деігейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.