Мұсылмандық парызды өтеуге, жастарды имандылыққа тәрбиелеуде мешіттің орны ерекше.
Алланың жердегі үйі. Құлшылық орны. Мешіт салу — аса сауапты іс.
Қасиетті жұмада игі тірлікті Төлеби ауданының қос тумасы жиылған жамағатқа үлгі етіп көрсетті. Ерлан мен Ержан Тоғызовтар Төлебидегі Керегетас елді мекеніне еңсесі биік «Ас Сабур» атты мешіт салып, алғаш рет жұма намаз оқылды.